Есептеуіш ресурстар қызметінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Есептеуіш ресурстар қызметінің менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

Есептеуіш ресурстар қызметі АТ ресурстары саласындағы шешімдерге қолдау көрсету және оларды енгізу, «Назарбаев Университеті» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының ақпараттық ресурстарына сапалы және үздіксіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жауап береді.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

Менеджердің үлгілік міндеттеріне жататындар:

– желілік, белсенді желілік құрал-жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және күйге келтіру;

–  АТ инфрақұрылымына аудит жүргізу;

– ақпараттық қауіпсіздік саясатын енгізу;
– деректерді резервтеу мен қалпына келтірудің орындалуын бақылау;
– жүйелер конфигурациясын жаңарту және өзгерту;
– жүйелік конфигурацияларды құжаттау;
– желілік өзара әрекеттердің қызметін тексеру.

4

Білімі:

Білімі – жоғары, АТ бағыты.

6

Қажетті кәсіби тәжірибесі  (ұзақтығы, саласы, аясы және т.б.):

Жүйе әкімшісі, желі әкімшісі мамандықтары бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

7

Кәсіби білімі:

Кәсіби дағдылары:

·         Құралдарға әкімшілік ету және скрипттерді жазу, құрал-жабдықтарды басқару жүйесін, оның ішінде құрал-жабдықтар мен қосымшалардың мониторингі жүйесін білу және олармен жұмыс істеу тәжірибесі. 

·         ОС Linux (RedHat, Debian, SuSE, Ubuntu, Fedora) жүйелік әкімшілік етуді білу және жұмыс тәжірибесі. көрсетілген ОЖ-де проблемаларды талдау және оларды шешу бойынша 3 жылдан астам дағды.

·         Каталогтар қызметін, пошта серверін, қызметтік серверлерді (DNS, DHCP, Proxy, FTP) орната білу және күйге келтіру тәжірибесі.

·         Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің кешенді және күрделі ақаулықтарын оқшаулау және жою.

·         Белсенді желілік құрал-жабдықтармен жұмыс істей білу және тәжірибенің болуы.

·         Статистикалық, динамикалық бағдарлау, OSPF, BGP, NAT, PAT, VPN, VLAN.

·         СКЖ-ні құру бойынша білімі мен тәжірибесі.

·         Ақпараттық қауіпсіздік саясатын білу, әзірлеу және енгізу тәжірибесі (желілік экрандар, access-list, IPSec).

·         Сымсыз желілік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі.

·         Құрал-жабдықтарды пайдалануға қабылдау тәртібі.

·         Жүйе, желі әкімшісі лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Қызметтік міндеттері:

·         Ақпараттық жүйелерге әкімшілік ету.

·         Техникалық құжаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды жазу.

8

Тілдерді білу деңгейі:

Ағылшын тілін техникалық деңгейде білу. ҚР азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі.  

9

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдап алғанға дейін