Есептеу ресурстары бөлімінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Есептеу ресурстары бөлімінің менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері

Есептеу ресурстары бөлімі IT ресурстары саласындағы шешімдерге қолдау көрсету және оларды енгізу, «Назарбаев Университеті» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының ақпараттық ресурстарына сапалы және үздіксіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жауап береді.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

Менеджердің үлгілік міндеттеріне жататындар:

– серверлік, белсенді желілік құрал-жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және күйге келтіру;

– АТ инфрақұрылымына аудит жүргізу;

– ақпараттық қауіпсіздік саясатын енгізу;
– деректерді резервтеу мен қалпына келтірудің орындалуын бақылау;
– жүйелер конфигурациясын жаңарту және өзгерту;
– жүйелік конфигурацияларды құжаттау;
– желілік өзара әрекеттердің қызметін тексеру.

4

Білімі

Білімі – жоғары, IT бағыты.

6

Қажетті кәсіби тәжірибесі  (ұзақтығы, саласы, аясы және т.б.)

Жүйелік әкімші, желілік әкімші мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

7

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері

Кәсіби дағдылары:

·         Linux, Windows операциялық жүйелерін басқарудағы сенімді білім мен тәжірибесі

·         VMware виртуалдау жүйелерін басқарудағы сенімді білім мен тәжірибесі

·         Каталогтар қызметін, пошта серверін, қызметтік серверлерді (DNS, DHCP, Proxy, FTP) орната білу және күйге келтіру тәжірибесі.

·         Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің кешенді және күрделі ақаулықтарын оқшаулау және жою.

·         Белсенді желілік құрал-жабдықтармен жұмыс істей білу және тәжірибесінің болуы. Статистикалық, динамикалық маршрутизация, OSPF, BGP, NAT, PAT, VPN, VLAN.

·         СКЖ-ні құру бойынша білімі мен тәжірибесі.

·         Сымсыз желілік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі.

·         Құрал-жабдықтарды пайдалануға қабылдау тәртібі.

·         Жүйелік, желілік әкімші лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Қызметтік міндеттері:

·         Ақпараттық жүйелерге әкімшілік ету.

·         Техникалық құжаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды жазу.

8

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді (қай тілді) білу деңгейі

Ағылшын тілін техникалық деңгейде білу. ҚР азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі.  

9

Резюмені беру мерзімі

Керекті кандидат табылғанға дейін