Есептеу ресурстары бөлімінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Есептеу ресурстары бөлімінің аға менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері

Есептеу ресурстары бөлімі IT ресурстары саласындағы шешімдерге қолдау көрсету және оларды енгізу, «Назарбаев Университеті» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының ақпараттық ресурстарына сапалы және үздіксіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жауап береді.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

Аға менеджердің үлгілік міндеттеріне жататындар:

– серверлік, белсенді желілік құрал-жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және күйге келтіру;

–  VMWare виртуалды жүйені басқару және бақылау;

 – АТ инфрақұрылымына аудит жүргізу;

 – Veeam бағдарламалық кешенің қолдану арқылы деректерді резервтеу мен қалпына келтірудің орындалуын бақылау;
– жүйелер конфигурациясын жаңарту және өзгерту;
– жүйелік конфигурацияларды құжаттау;
– желілік өзара әрекеттердің қызметін тексеру.

4

Білімі

Білімі – жоғары, IT бағыты.

6

Қажетті кәсіби тәжірибесі  (ұзақтығы, саласы, аясы және т.б.)

Жүйелік әкімші, желілік әкімші мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес. Инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу және жобаларды басқару тәжірибесі.

«Назарбаев Университеті» ДББҰ-да және оның филиалдарында оң тәжірибесі бар үміткерлерге артықшылық беріледі.

7

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері

Кәсіби дағдылары:

·         Linux, Windows OS жүйелерін басқаруда жоғары дәреже мен мол тәжірибе. 5 жылдан астам осы операциялық жүйелердегі проблемаларды талдау мен шешудің жақсы дағдылары.

·         Active Directory, пошта серверлерін,сервистік серверлерді (DNS, DHCP, Proxy, FTP) орнату және күйге келтіру тәжірибесі.

·         Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің кешенді және күрделі ақаулықтарын оқшаулау және жою.

·         Құрал-жабдықтарды пайдалануға қабылдау тәртібі.

·         Инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу мен жобаларды басқару тәжірибесі.

·         Белсенді желілік жабдықпен жұмыс істеу тәжірибесі. Статикалық, динамикалық бағыттау, OSPF, BGP, NAT, PAT, VPN, VLAN.

·         СКЖ-ні құру бойынша білімі мен тәжірибесі.

·         Ақпараттық қауіпсіздік саясатын білу, әзірлеу және енгізу тәжірибесі (желілік экрандар, access-list).

·         Сымсыз желілік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі

·         Құралдарға әкімшілік ету және скрипттерді жазу, құрал-жабдықдарды басқару жүйесін, оның ішінде құрал-жабдықтар мен қосымшалардың мониторингі жүйесін білу және олармен жұмыс істеу тәжірибесі. 

·         Ағылшын тілін жоғары деңгейде білу.

Қызметтік міндеттері:

·         Ақапараттық-желілік технологияларды енгізу бойынша жобаларды басқару.

·         Ақпараттық жүйелерге әкімшілік ету.

·         Техникалық құжаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды жазу.

8

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді (қай тілді) білу деңгейі

Ағылшын тілін техникалық деңгейде білу. ҚР азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі.  

9

Резюмені беру мерзімі

 Керекті кандидат табылғанға дейін