Есепші, Жоғары білім беру мектебі

Түйіндемені жіберу

Лауазымның басты және функционалды міндеттері:

  • Тауар, қызметпен жабдықтаушылар, жауапты тұлғалармен бухгалтерлік есептер жүргізу;
  • ҚҚС бойынша салық есебін, тиісті салық есептерін қалыптастыру;
  • Еңбек ақы бойынша бухгалтерлік есептерді жүргізіп, тиісті болып табылатын салық және аударымдарды қадағалау;
  • ЖКС, ҚҚС бойынша салық есебін, сонымен қатар бейрезидент, әлеуметтік салық, пенсия және әлеуметтік аударымдар бойынша тиісті салық есептерін қалыптастыру;
  • Келсім шарттардың орындалуын қадағалау;
  • Статистикалық есептерді дайындау;
  • Бюджет бойынша үш жылдық сұраныстарды қалыптастыру;
  • Мекеменің жылдық бюджетін қалыптастыруына көмек көрсету;
  • Өкілдік шығындар бойынша төлемдер жүргізу;
  • Іссапар шығындары бойынша төлемдер жүргізу;
  • Ішкі нормативті құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  • Қаржылық есептілік пакетін дайындауға көмек көрсету және аудиторлық шараларды жүргізу.

Іссапар: Мүмкін.

Білімі: Жоғары, батыстық үлгідегі университеттердің дипломы, (MA/MBA/M.Phil/MSc/MPP/MPA бағдарламалары бойынша дәрежелердің артықшылығы бар).

Қажетті кәсіби тәжірибесі: Қызметінің функционалды бағыттарына сәйкес келетін салада 2 жылдан кем емес тәжірибе.

Кәсіби білімі мен жеке бас сипаттамасы:

  • Аналитикалық дағды және жобаны басқару дағдыларының болуы;
  • Жеке, сондай-ақ тәуелсіз және топта тиімді жұмыс жасай алуы;
  • Байланысқа бейімділік, жауапкершілік.

 

Тіл білу деңгейі, соның ішінде мемлекеттік тіл (қандай тіл екенін көрсету): Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін білу; Ауызша және жазбаша (орыс, қазақ, ағылшын) тілдерінің үздік дағдылары.

Жеке компьютерді қолдану дағдылары: Компьютерлік бағдарламаларды жоғары деңгейде білу.

Резюмені жіберу мерзімі: Кандидатты таңдағанға дейін.

Резюмені төмендегі элетронды почтаға жіберіңіз hr.gse@nu.edu.kz