Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы Оқытушының ассистенті, Школа Инженерии
Лауазым атауы | Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы Оқытушының ассистенті, Школа Инженерии |
Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері:
| 1) тиісті курстың кем дегенде 90% дәрісіне (немесе эквиваленті) қатысу; 2) Басшының жазбаша келісімі бойынша Мектептің зерттеу жобаларына қолдау көрсету; 3) студенттерге арналған оқу-әдістемелік материалдар мен тапсырмаларды дайындауға жәрдемдесу; 4) оқытушылар ұсынған оқыту тұжырымдамасын жетілдіру және тапсырмаларды меңгеру үшін оқушыларды жеке немесе шағын топтарда оқыту және көмек көрсету; 5) жауаптарды немесе электрондық құралдарды қолдану арқылы үй тапсырмаларын және сынақтарды бағалауға, нәтижелерді есептеу және есепке алуды бағалауға жәрдемдесу; 6) оқу жоспарын әзірлеуге және жүзеге асыруға қолдау көрсету; 7) оқытушыларға кафедра дәрістерін толықтыратын оқу-әдістемелік материалдарды дайындауға, пікірталастар мен сабақтарды өткізуге қолдау көрсету; 8) зертхана сабақтарына шығыс материалдары мен жабдықтарды әзірлеу; 9) қабылдау сағаттары мен студенттердің зерттеу жобаларына қолдау көрсету; 10) оқытушының тікелей басшылығымен және Мектеп деканының жазбаша келісімінің негізінде дәрістердің жалпы санының 10%-дан аспайтын дәріс оқу; 11) Басшы тағайындаған өзге де міндеттерді атқару; 12) өзінің функционалдық міндеттері шегінде хат алмасуды жүргізу; 13) жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу; 14) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Мектеп Деканы мен Басшысы, және де Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау. |
Білімі | Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс, магистратура бағдарламасы оқытушысы ассистентінің магистр дәрежесі болуы керек. Университеттің магистратура және докторантура бағдарламалары студенттері артығырақ |
Жұмыс тәжірибесі | Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Сәйкес саладағы жұмыс тәжірибесі болғаны жақсы Мамандықтың басымды бағыттары: компьютерлік ғылымдар |
Кәсіптік құзыреті және жеке қасиеттері | – Үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуді білу; – аналитикалық дағдылар; – сауаттылық; – Назарбаев Университеті құзыретінің моделі; – Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік; – командада және дербес жұмыс істей білу; – адамдармен тіл табыса білу; – жауапкершілік; – стреске төзімділік; – жұмысқа жауапты тәсілдеме |
Тілдерді меңгеру деңгейі | – Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білу; – Тілдерді ауызша және жазбаша түрде жетік білу (орыс, қазақ, ағылшын) |
Түйіндемені тапсыру мерзімі | Үміткерлерді қабылдағанға дейін |