Электрон ресурстарын басқару қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» ЖМ Кітапхана дирекциясының Электрон ресурстарын басқару қызметінің аға менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

 «Назарбаев Университет» қызметінің бейіні бойынша электронды түрде кітапханалық қорды қалыптастыру

3

Лауазымның негізгі қызметтік міндеттері:

–     Университеттің академиялық және ғылыми іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін электрондық ресурстарды уақытылы сатып алу;

–     Кітапхананың электрондық ресурстарын іріктеу, тестілеу және есепке алу жұмыстарына қатысу;

–     Кітапхана қорын электрондық ресурстармен жинақтауды ұйымдастыруға қатысу;

–     Университеттің профессор-оқытушылар құрамының өтініштері негізінде электрондық ресурстарға қажеттілікті анықтауға қатысу;

–     Қызмет көрсету бөлімімен білесе отырып студенттердің электрондық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау, кітапханалық қорды тиімді пайдалануды, оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу;

–     Құрылымдық бөлімшенің құзіретіндегі сұрақтарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

–     Басқарушы Құрылымдық бөлімшесіне қарасты Мекеменің бюджеттік баптары бойынша Құрылымдық бөлімшенің қаржылық жылға қарасты бюджеттік сұранымдарын жасауға қатысу;

–     Өзінің лауазымдық міндеттері мен құзыреті шеңберінде Мекеме басшылығының өзге де тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау

4

Білімі:

–     Академиялық дәреже Солтүстік Америка, Канада, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жоғарғы оқу орындарындағы аккредитацияланған бағдарламалар бойынша «Кітапхана және ақпараттық ғылымдар» мамандығы бойынша магистрлік (MLIS) дәрежеден кем болмауы керек;

–     Немесе кез келген білім саласы бойынша «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында алынған бакалавр дәрежесі / немесе жоғарғы кітапханалық білім (MLIS эквиваленті) немесе шет елдердегі оқу орындарында немесе кітапханаларда кітапханалық бағдарламалар бойынша академиялық жыл/тағылымдамадан өтуі және/немесе «Қаржы», «Экономика», «Құқық», «Бизнес әкімшілігі» мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесінің болуы

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі үш жылдан кем емес / немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқыған жағдайда жұмыс тәжірибесі екі жылдан кем емес

6

Кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттері:

Талдау қабілеті, талдау жазбаларын дайындау дағдысы тіл табысушылық, топпен жұмыс істей білу, ойлау бейімділігі, бастамашылдық, тыңғылықтылық

7

Тіл білімі:

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілі еркін,  IELTS – мин. 6.0 / TOEFL мин. 79-93 (куәліктің жарамдылық уақыты маңызды емес) сияқты нақтылау куәліктері немесе ағылшын тілі оқу тілі болып келетін университеттің дипломы/куәлігі

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейін