Декан кеңсесінің менеджері «NUGSE» ЖМ (Декан ассистенті)
«Nazarbayev University Graduate School of Education» жеке мекемесі
( «NUGSE» ЖМ)
Лауазым атауы | Декан кеңсесінің менеджері «NUGSE» ЖМ (Декан ассистенті) | |
Негігзі міндеттері | – Қызметтік міндеттері аясында Басшының тапсырмаларын сапалы және уақтылы түрде орындау. | |
Негігзі қызметтік міндеттері | – Деканның жұмыс кестесін жоспарлау, әзірлеу және жүргізу; – Декан тапсырмаларын орындау (құжаттарға қол қойғызу, кездесулер мен іс-сапарларды ұйымдастыру); – Мектептің кіріс және шығыс хаттарды өңдеу; – Деканның тапсырмалары мен бақылаудағы құжаттардың мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; – Электрондық құжат айналымы жүйесінде кіріс және шығыс хаттарды тіркеу және өңдеу; – Мемлекеттік және жеке секторлардағы мекемелер мен ұйымдармен байланыс орнату; – Мектеп құжаттарының есебін жүргізу және сақтауды қамтамасыз ету. | |
Білімі | – Жоғары; – Академиялық дәреже бойынша ең төменгі талап: магистр дәрежесі. | |
Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, түрі және т.б.) | – Аталған мамандық бойынша нақты қызметтің функционалды бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі- кем дегенде 2 жыл; – Түрлі мәдени ортада жұмыс тәжірибесі артықшылық болып саналады. | |
Кәсіби құзыреті | – Талдау дағдылары, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде басқарудың түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін адамдармен қарым-қатынас орната білу дағдылары; – Қысқа мерзім ішінде тиімді жұмыс істей білу; – Іс-қағаз және құжаттарды басқару саласы заңнамасын білу; – Ұйымдастырушылық дағдылар; – Тәртіптілік; – Жеке және топта жұмыс істей білу; – Түрлі мәдениеттер өкілдерімен жұмыс істей білу. | |
Жеке құзыреті және қасиеттері | Тіл табыса алушылық, бастамашылық, жауапкершілік, жасампаздық. | |
Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (меңгерген тілдерді көрсетіңіз) | Қазақ, орыс және ағылшын (advanced) тілдерінде жоғары деңгейде ауызша және жазбаша дағдылары. | |
Компьютерлік дағдылар | Жоғары деңгейде ЖК-мен жұмыс істеу білу дағдылары (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel, т.б.) | |
Түйіндемені беру мерзімі | Лайықты үміткерді таңдап алғанға дейін. Түйіндемені мемлекеттік және ағылшын тілдерінде hr.gse@nu.edu.kz электронды поштасына жіберу қажет. Тақырыпта “Менеджер, Декан ассистенті лауазымына түйіндеме” деп көрсетуінізді сұраймыз. |