Бизнес-инкубатордың Менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы  

Бизнес-инкубатордың Менеджері

2

Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері

1) Инновациялық кәсіпкерлік бойынша оқу курсын әзірлеу және енгізу;

2) мақсатты аудитория арасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау мен ғылымды қажетсінетін бизнеспен айналысуы ынталандыру арқылы бизнес-инкубациялау мен бизнес-акселерация бағдарламасына қатысушылардың сыни массасын құру;

3) инновациялық жобаларды бизнес-инкубациялау қызметтерін ұйымдастыру және ұсыну;

4) инвестиция сауаттылықты арттыру және инвестициялық мәдениетті арттыру үшін білім беру қызметін дамыту, енгізу және жүзеге асыру.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

1) Бизнест-инкубациялау шеңберінде білім беру қызметін жүргізу үшін бизнес-тренерлерді іздеу мен тарту және мақсатты аудиториядан сыни массаны ынталандыру мен қалыптастыру үшін жеке іс-шаралар.

2) инновациялық жобаларды бизнес-инкубациялау шеңберінде өткізілетін білім беру іс-шараларға қызығып, серіктестікке дайын мүдделі іскер серіктестерді, тәлімгерлерді, сарапшыларды іздеу мен тарту;

3) бизнес-инкубациялау қызметтерін алуға инновациялық жобаларды қолдау;

4) бизнес-инкубатордың инновациялық жобаларына инвестициялауға мүдделі әлеуетті инвесторлардың деректер базасын кеңейту мен жаңарту;

5) Назарбаев Университетінің Инновациялық кластері негізінде іске асырылатын инновациялық жобаларды дамытуды жеделдетуге бағытталған бірқатар шараларды іске асыруға қатысу.

4

Білімі

Бизнес-әкімшілік, экономика және маркетинг, инновацияларды дамыту, стратегиялық менеджмент, жаратылыстану және инженерлік-техникалық ғылымдар салаларында бакалавр/магистр дәрежесі. Шетелдік университет дипломы құпталады.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)       

Отандық немесе шетелдік университеттің Бизнес мектебінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ұйымдастыру және басқару тәжірибесі.

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

Жекеше, сонымен қатар отандық әрі халықаралық құрамдағы топтың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі;

Әртүрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесі;

Қысқа мерзімдерде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі;

Баяндамаларды, талдамалық жазбаларды, хаттарды әзірлеу қабілеті;

Тіл табыса білуі және ұйымдастырушылық қабілеті.

7

Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

Қазақ –  қалаулы/

орыс және ағылшын тілдерін жетік білу.

8

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі)

ДК-ны жоғары деңгейде меңгеруі (Microsoft office)

9

Түйіндеме қабылдау мерзімі

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді іріктеп алғанға дейін