Бизнес-инкубатордың Аға Менеджері
1 | Лауазымның атауы | Бизнес-инкубатордың Аға Менеджері |
2 | Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері | 1) Дамудың бастапқы кезеңіндегі инновациялық жобаларды (стартаптарды) қолдау құралдарын әзірлеу және енгізу; 2) Технологиялық кәсіпкерлік негіздерін оқыту және танымал ету; 3) Инновациялық жобаларды бизнес-инкубациялау қызметтерін ұйымдастыру және ұсыну. |
3 | Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері | 1) Дамудың бастапқы кезеңінде инновациялық жобаларды тиімді қолдау құралдарын әзірлеу және енгізу; 2) Бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынуда қолдау көрсету; 3) Әлеуетті клиенттермен келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасау, серіктестік келісімдерін жасауға және жүзеге асыруға көмек көрсету; 4) Іскерлік серіктестермен, тәлімгерлермен, жүргізіліп жатқан іс-шаралар шеңберінде бизнес-инкубатормен ынтымақтастыққа қызығушылық білдіретін сарапшылармен өзара тиімді қатынастар орнату; 5) Бизнес-инкубаторды қызықтыратын инновациялық жобалар базасын кеңейту және жаңарту; 6) Инновациялық жобалардың орындалуын бақылау; 7) Назарбаев Университетінің инновациялық кластері негізінде іске асырылатын инновациялық жобалардың дамуын жеделдетуге бағытталған шаралар кешенін іске асыруға қатысу; 8) Инновациялық жобаларды қаржыландырудың сыртқы көздерін тартуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру. |
4 | Білімі | Бизнес-әкімшілік, экономика және маркетинг, инновацияларды дамыту, стратегиялық менеджмент, жаратылыстану және инженерлік-техникалық ғылымдар салаларында бакалавр/магистр дәрежесі. Шетелдік университет дипломы құпталады |
5 | Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.) | Инновацияларды дамыту, инновациялық/технологиялық жобаларды басқару саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы |
6 | Кәсіби білімі және жеке қасиеттері | Жекеше, сонымен қатар отандық әрі халықаралық құрамдағы топтың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі; Әртүрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесі; Қысқа мерзімдерде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі; Баяндамаларды, талдамалық жазбаларды, хаттарды әзірлеу қабілеті; Тіл табыса білуі және ұйымдастырушылық қабілеті. |
7 | Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер) | Қазақ – қалаулы/ Орыс және ағылшын тілдерін жетік білу. |
8 | Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі) | ДК-ны жоғары деңгейде меңгеруі (Microsoft office) |
9 | Түйіндеме қабылдау мерзімі | Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді іріктеп алғанға дейін |