Бизнес-инкубатордың Менеджері

Түйіндемені жіберу

 

1

Лауазымның атауы   

Бизнес-инкубатордың Менеджері

2

Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері

1)  Дамудың бастапқы кезеңіндегі инновациялық жобаларды (стартаптарды) қолдау құралдарын әзірлеу және енгізу;

2)  Технологиялық кәсіпкерлік негіздерін оқыту және танымал ету;

3)  Инновациялық жобаларды бизнес-инкубациялау қызметтерін ұйымдастыру және ұсыну.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

1)    Бизнес-инкубациялау бағдарламасына қатысу үшін инновациялық жобаларды, стартап-компанияларды тартуға бағытталған маркетингтік кампаниялар мен басқа да іс-шаралар өткізу;

2)    Бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынуда қолдау көрсету; 

3)    Әлеуетті клиенттермен келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасау, серіктестік келісімдерін жасауға және жүзеге асыруға көмек көрсету;

4)    Бизнес-инкубаторды қызықтыратын инновациялық жобалар базасын кеңейту және жаңарту;

5)    Назарбаев Университетінің инновациялық кластері негізінде іске асырылатын инновациялық жобалардың дамуын жеделдетуге бағытталған шаралар кешенін іске асыруға қатысу;

6)    Инновациялық жобалардың орындалуын бақылау;

7)    Корпоративті акселерация бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруға қатысу: тапсырыс беруші компанияларды табу және тарту, тапсырмаларды анықтау және т.б.

4

Білімі

Бизнес-әкімшілік, экономика және маркетинг, инновацияларды дамыту, стратегиялық менеджмент, жаратылыстану және инженерлік-техникалық ғылымдар салаларында бакалавр/магистр дәрежесі. Шетелдік университет дипломы құпталады

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)       

Инновацияларды дамыту, инновациялық/технологиялық жобаларды басқару саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

Жекеше, сонымен қатар отандық әрі халықаралық құрамдағы топтың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі;

Әртүрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесі;

Қысқа мерзімдерде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі;

Баяндамаларды, талдамалық жазбаларды, хаттарды әзірлеу қабілеті;

Тіл табыса білуі және ұйымдастырушылық қабілеті.

7

Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

Қазақ –  қалаулы/

Орыс және ағылшын тілдерін жетік білу.

8

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі)

ДК-ны жоғары деңгейде меңгеруі (Microsoft office)

9

Түйіндеме қабылдау мерзімі

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді іріктеп алғанға дейін