Бизнес-акселератордың Менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы

Бизнес-акселератордың Менеджері

2

Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері

·       Инновациялық жобаларды бизнес акселерация мәселелері бойынша консультациялар өткізу.

·      Стартап компанияларды құру мен дамытуға көмек көрсету.

·       Стартап компанияларға маркетингтік зерттеулер жүргізуге қолдау көрсету.

·       Стартап компаниялардың  бизнес форумдарға, көрмелерге, семинарларға қатысуына көмек көрсету.

·       Құрылымдық бөлімшенің құзырлығы шегінде Мекеменің стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

·       Нарыққа шығудың оңтайлы тәсілін іздестіруге қатысу: инновациялық жобалардың стартап компаниясы. 

·       Инвесторларды, қаржыландыру көздерін іздестіру және тарту.

·       Маркетингтік зерттеулер жүргізу,  бизнес жоспарларды дайындау.

·       Стартап компаниялардың өнімдерін алға жылжыту, әлеуетті клиенттерді іздестіру.

·       Стартап компаниялардың  бизнес форумдарға, көрмелерге, семинарларға қатысуына көмек көрсету.

·       Жобаны іске асыру мақсатында қажеттілігіне қарай басқа зерттеушілер мен әзірлеушілерді тарту.

·       Әлеуетті клиенттермен келіссөздер өткізу, шарттарды дайындау, әріптестік туралы келісімдерді жасауға және оларды іске асыруға көмектесу.

4

Білімі

Бизнесті дамытуға, кәсіпкерлікке, технологияларды  коммерциялауға, менеджментке қатысы бар салалардағы жоғары білім. Бизнесті жүргізуге, инвестицияларды тартуға қатысты практикалық тәжірибесінің болғаны жақсы.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)

Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

Қазақстан Республикасының «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», «Білім туралы» Заңдары және нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларда қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.

Адамдармен тез тіл табыса білу, жігерлілік, командада және жеке түрде жұмыс істей білу, жауапкершілік, алға қойылған міндеттерді жүйелі түрде шеше білу, ұқыптылық. 

7

Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру

8

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі):

Офистік  оргтехника құралдарын кәсіби пайдалана білу, бағдарламалар топтамасын (Word, Excel, PowerPoint, Access,Outlook, Project және басқалар), ҚР заңнамасының деректер базасын кәсіби пайдалана білу.

9

Түйіндеме қабылдау мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді іріктеп алғанға дейін.