Білімді жетілдіру орталығының Аға маманы

Түйіндемені жіберу

 

1

Лауазым атауы

Білімді жетілдіру орталығының Аға маманы

 

2

Бөлімнің негізгі міндеттері

·        заңды және жеке тұлғаларға ақылы білім беру қызметтерін көрсету;

·        тілдік және қабылдау емтихандарына дайындық курстарын ұйымдастыру және өткізу;

·        тестілеу орталығының қызметін ұйымдастыру;

·        қазақстандық және шетелдік оқу орындарына түсушілерге кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

·        педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу.

3

Лауазымның негізгі функционалдық жауапкершілігі мен міндеттері

Тілдік дайындық курстарын ұйымдастыру және өткізу:

·                курстардың мазмұнын әзірлеу (силабустар, бағдарламалар, бағалау құралдар, сапаны қамтамасыз ету нұқалығы және басқалар);

·                курстарды ұйымдастыру және өткізу (аудиториялар, сабақ кестесі, клиенттерменжұмыс);

·                курс қатысушыларымен тығыз жұмыс істеу және қабылдау процесін ұйымдастыру (кеңес беру, шарттарды орындау, қатысушыларының төлемдерін қамтамас ету);

·                іріктеу қызметін жүзеге асыру (таңдау, интервью және сынақ сабақтарды өткізу);

·                курстардың жүзеге асырылу сапасының мониторингін жүзеге асыру (сабақтарды бақылау, сауалнамаларды жүргізу және талдау, мұғалімдерге арналған семинарлар ұйымдастыру);

·                маркетинг  қызметін жүзеге асыру (жарнама, сайтпен жұмыс істеу);

·                заңды тұлғалармен жұмыс істеу (корпоративтік курстар);

·                Орталықтың өзге де жаңа бағдарламаларын әзірлеу.

4

Білімі

Оқу ағылшын тілінде жүргізілетін жоғары оқу орнында алынған магистр академиялық дәрежесі болуы міндетті. Лингвистика немесе білім беру саласын басқару саласына басымдық беріледі.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, т.б.)

Магистр дәрежесі болған жағдайда, мамандығы бойынша мұғалімдерді даярлау, тілдік даярлық, орта және жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

6

Кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттері

– TESOL саласындағы концептуалды білімніңболуы;

– көп тапсырмаларды қатар алып жүру қабілеті;

– клиенттермен жұмыс істеу қабілеті;

– кез келген міндетті шешудегі талдау дағдылары;

– өз бетінше, сондай-ақ жергілікті және халықаралық жұмыс топтарында нәтижелі жұмыс істеу қабілеті;

– қысқа мерзім ішінде нәтижелі жұмыс істеу дағдылары;

– қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу қабілеті;

– оң қарым-қатынас және өзгерістерге бейімделу қабілеті;

-көптеген құрылымдардан тұратын әкімшілік ортада жұмыс істеу қабілеті;

– жетік тұлғааралық, ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары;

– осы лауазымның міндеттеріне ұқсассалалардағы жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті.

7

Тілдерді білу деңгейі

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сауатты сөйлеу және жазу дағдыларының болуы.

8

Дербес компьютерді пайдалану дағдылары

ДК меңгерудің жоғары деңгейі  (Microsoft Office: Microsoft Word, Excel, PowerPoint).

9

Түйіндеме жіберудің соңғы мерзімі

2017 ж. 16 сәуірге дейін

Түйіндемені eec@nu.edu.kz мекен-жайына жіберу сұралады.