Басқарма төрағасының көмекшісі,«NAC Analytica» корпоративтік қоры

Түйіндемені жіберу

 

«NAC Analytica» корпоративтік қоры

1

Лауазым атауы

Басқарма төрағасының көмекшісі

2

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері

·    Басқарма төрағасының жұмыс күнін жоспарлау және кездесулер, визиттер, қоңыраулар, қабылдаулар және өзге әрекеттер кестесін келісу;

·    Басқарма төрағасының жұмысын техникалық қамтамасыз ету: билеттерге, көлікке тапсырыс беру; келіссөздерді, кездесулерді ұйымдастыру;

·    Кездесулердің, отырыстардың, келіссөздердің барысы және нәтижелері түсірілетін хаттамалар және басқа құжаттар жүргізу;

·    Қордың құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне Басқарма төрағасының нұсқауларын, өкімдерін жеткізу және олардың орындалуын бақылау;

·    Ақпарат жинау, аналитикалық, ақпараттық, анықтамалық және басқа есептерді дайындау және Басқарма төрағасына беру;

·    Іс қағаздарын жүргізу, Басқарма төрағасының атына жолданған хат-хабарды алу;

·    Басқарма төрағасы өткізетін отырыстарды, кездесулерді, кеңестерді дайындау. Қажетті материалдарды жинау, қатысушыларға олардың өтетін уақытын, орнын, күн тәртібін хабарлау;

·    Басқарма төрағасының қызметтік тапсырмаларын орындау.

3

Білімі

·    Жоғары кәсіби білім.

4

Қалаулы кәсіби тәжірибесі

(ұзақтығы, облысы, салалар және .б.)

·    Кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болғаны қалаулы.

5

Кәсіби білімдері мен жеке мінездемелері

 

·    Құпия ақпаратпен тиісті жұмыс істеу міндетті шарт болып табылады;

·    Жоспарлау машықтары, сонымен қатар мықты тұлғааралық және коммуникативтік машықтар;

·    Стрестік жағдайларда жұмыс істей білу және жоғары ұйымдастырушылық, басымдықтарды белгілей білу және көп міндеттерді орындай алу;

·    Нақтылық, дәлдік, ұсақ-түйекке назар аудару.

6

Тілдерді, соның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (тілдерді көрсету)

·    Ағылшын (ауызша/жазбаша) – еркін меңгеру (міндетті);

·    Орыс (ауызша/жазбаша) – еркін меңгеру (міндетті);

·    Қазақша (ауызша/жазбаша) – еркін меңгеру (қалаулы).

7

Дербес компьютерді пайдалану машықтары

(бағдарламалар, меңгеру дәрежесі)

·    Microsoft Office (Word, Excel и   PowerPoint) бағдарламасын жоғары деңгейде меңгеру.

8

Түйіндеме беру мерзімі

·    Жоғарыдағы талаптарға жауап беретін үміткер іріктеліп алынғанға дейін.