Бақылау-өткізу қызметі бастығының орынбасары

Түйіндемені жіберу

Негізгі функционалдық міндеттер:

  • Өткізуді бақылап басқару жүйесі (әрі қарай – ӨББЖ) мен бейнебақылау жүйесі (әрі қарай – ББЖ) жабдықтарының пайдалануына, техникалық қызмет көрсетілуіне және жөндеу жұмыстарының жүргізуіне бақылау мониторингін жүргізу;
  • Объект аумағын аралап шығу (тексеру) және ББЖ осал жерлері мен жансыз жерлерін анықтау;
  • Ұйым объектілеріндегі ББЖ (бейнекамералар, коммутациялық орталықтар, бейнесерверлер (бейнетіркеуіштер), мониторлар және үздіксіз қоректендіру көздері) және ӨББЖ (есіктер мен турникеттер, бекіту құлыптары, байланыс топтары, оқитын жабдықтар және т.б.) үздіксіз жұмыс істеулерін бақылау және қамтамасыз ету, сондай-ақ кемшіліктерді жылдам жою.

 

Негізгі лауазымдық міндеттер:

 

  • ӨББЖ мен ББЖ жәрдемімен, Университет объектілерін қорғаумен байланысты, жұмыстарды үйлестіру мен ұйымдастыруда БӨҚ бастығына жәрдем көрсету;
  • Техникалық шаралар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарының жәрдемімен, Университет объектілерін қорғаумен байланысты жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру;
  • Университет мүддесіне қаржылық, материалдық және моральдық зиян келтіруге ықпал ететін, ресурстардың қауіпсіздігіне қауіп-қатерлерді, оның себептері мен жағдайларын уақытылы анықтау және жою;
  • ӨББЖ мен ББЖ жұмыстарына бақылау мен мониторинг жүргізу, және жабдықтардың бұзылуын, босқа тұруын жою, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары бойынша қажетті іс-шаралар жүргізу;
  • Университет объектілерінде ӨББЖ мен ББЖ жабдықтарының техникалық мәселелерді шешуге қатысу;
  • ӨББЖ мен ББЖ жабдықтары үшін талаптарды анықтайтын нормативті-реттеме құжаттарды дайындау және келісім алу;
  • ӨББЖ мен ББЖ жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша стандарттарды, нұсқаулықтарды, нұсқауларды және басқа да құжаттарды дайындау, еңгізу және жетілдіру;
  • Өзінің құзыретіне қатысты сұрақтары бойынша ұсыныстарды Ұйым және Университет басшылықтарының қарауына шығару;
  • ӨББЖ және ББЖ жұмыс істеуіндегі қауіпсіздіктің қатеріне және жағымсыз үрдістердің тиуіне тетіктерді және жедел әрекет ету жағдайларын құрастыру;
  • Құқықтық, ұйымдастыру және инженерлі-техникалық шаралар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары негізінде ресурстарға және қызметкерлер мен қонақтарға қастандық жасауына тиімді жол бермеу;
  • БӨҚ құзыретіне қатысты сұрақтары бойынша Ұйым және Университет құрған жұмыс тобына қатысу;
  • Ұйым және Университет басшылығының шешімімен, ӨББЖ және ББЖ жұмыс тәртібін бұзу, олардың жұмыс істеу қабылеттілігіне әдейі зиян келтіру фактілері бойынша қызметтік тергеулер жүргізу;
  • Механикалық бұзылулар мен тоттанулардың жоқтығына, бекітпелердің беріктігі мен бірігулерді тексеру және т.б. бойынша жабдықтарды сыртқы тексеру;
  • Жұмыс істеу қабылеттілігіне бейнесерверді (бейнетіркеуішті) тестілеу, қатқыл дискілерді, қатерлер журналын тексеру, сондай-ақ мұрағат мәліметтердің бар болуын тексеру;
  • ӨББЖ және ББЖ жазба уақыттарының синхрондалуын бақылау;
  • Орындаушылардың (мердігерлердің) келісімді міндеттемелерді мезгілінде және жедел орындауын бақылау;
  • Ісіне кедергі алып келетін, істегі қиыншылығы жайлы өзінің тікелей басшылығына дер кезінде ақпарат беру;
  • Басшылық жүктеген басқа да атқарымдар.

 

Іссапарларға шығу:  қарастырылмаған

Білімі:

Лауазымға сай мамандық бойынша жоғарғы білім, заңгер.

Қажетті кәсіби тәжірибесі:  көрсетілген лауазымның функционалдық бағытына сай, қауіпсіздік жүйесінде және/немесе ақпараттық технологиялар саласында 7 жылдан кем емес, соның ішінде 5 жылдан кем емес ақпараттық қауіпсіздік салаларында жұмыс тәжірибесі болуы қажет.

Тұлғалық біліктілігі және қасиеттері:

Командада жұмыс істей білу (құрылымдық бөлімшесінің мүддесінен ұйым мүддесінің басымдылығын ұстану);

сабырлылық; байланысқа бейімділік, міндеттілік, қойылған мәселелерді сапалы және сындарлы шеше білу;

Тілдерді білу, соның ішінде мемлекеттік тілді (үміткердің иеленуге міндетті тілдер тізімі)

 

мемлекеттік, орыс, ағылшын (жақсы болар еді)

қазақ және орыс тілдерін жетік білу, ағылшын тілін, функционалдық міндеттерді орындауға қажетті деңгейде білу қажет

Басшы қызметіндегі жұмыс тәжірибесі: 

Дербес компьютерді пайдалану икемділігі (бағдарламалар, иелену дәрежесі)

3 жылдан кем емес

 

Жоғары деңгейлі ДК иелену (Microsoft Windows, Microsoft Office).

 

Қосымша ақпарат:

Курстарды/тренингтерді өту жақсы болар еді:

Сертификаттардың бар болуы басымырақ болады:

Түйіндемені беру мерзімі

 

 

  • ISO/IEC 27001, 27002 халықаралық стандарттары бойынша ақпараттық қауіпсіздікті бақылау жүйесі
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік. Өрт қауіпсіздігі
  • Тәуекел-менеджменті
  • Оқиғаларды тергеу

 

     ISO 27001, CEH, СHFI

 

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай үміткерді таңдап алуға дейін