Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and Information Technology Services» ЖМ Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметінің менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметі Университеттің қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту және жетілдіру бойынша міндеттерді жүзеге асыруға жауап береді.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

Менеджердің міндеттері:

– Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, оңтайландыруға және жаңғырту үрдісіне қатысу;

– Пайдаланушылардың жұмысына кедергі келтіретін ақаулықтарды дұрыстауға бағытталған шараларды қолдану;

– Жүзеге асыру үшін еңбек шығындарын бағалау;

– Дерекқор құрылымдарын жобалау.

4

Білімі:

Білімі – жоғары кәсіби.

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, аясы және т.б.):

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

Корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу бойынша жобаларға қатысу (кем дегенде 1 ірі жоба).

6

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері:

– Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің кезеңдерін білу;

– Java EE көмегімен веб-қосымшаларды әзірлеу бойынша терең білімі (.NET білгені үшін артықшылық беріледі);

– Деректер базаларын басқару жүйелерімен жұмыс істей білу (PostgreSQL, Oracle Database, IBM DB2, MySQL, MS SQL Server);

– JavaScript-фреймворктарды пайдалана білу (Sencha Ext JS, Dojo Toolkit, jQuery);

– SVN, CVS немесе ұқсас өнімдерді қолдану арқылы қосымшаларды ұжымдық әзірлей білу;

– Linux және Microsoft Windows операциялық жүйелерін білу;

– Ірі вендорлардың (IBM, EMC, Oracle) өнімдер желісін білу;

– Адамдармен тіл табыса алу және шығармашылық көзқарас.

7

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді (қай тілді) білу деңгейі:

Ағылшын тілін техникалық деңгейде (intermediate) білу. ҚР азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі.

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейiн.