Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and Information Technology Services» ЖМ Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметінің аға менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметі Университеттің қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту және жетілдіру бойынша міндеттерді жүзеге асыруға жауап береді.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

Аға менеджердің міндеттері:

– Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, оңтайландыру және жаңғырту үрдісіне қатысу;

– Бағдарламалық қамтамасыз етуге код жазудың жетілдірілген стандарттары мен тәжірибелерін енгізу;

– Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметінің менеджерлеріне кеңес беру;

– Жүзеге асыру үшін еңбек шығындарын бағалау;

– Дерекқор құрылымдарын жобалау.

4

Білімі:

Білімі – жоғары кәсіби.

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, аясы және т.б.):

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 4 жыл (Java әзірлеуші ретінде – кем дегенде 2 жыл).

Корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу бойынша жобаларға қатысу (кем дегенде 2 ірі жоба).

6

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері:

– Java EE көмегімен веб-қосымшаларды әзірлеу бойынша терең білімі мен тәжірибесі (.NET білгені үшін артықшылық беріледі);

– IBM WebSphere Portal 7-нұсқасы немесе одан жоғарырақ нұсқалары басқармасымен жасалған қосымшаларды әзірлеу тәжірибесі (IIS білгені үшін артықшылық беріледі);

– Деректер базаларын басқару жүйелерімен жұмыс тәжірибесі (PostgreSQL, Oracle Database, IBM DB2, MySQL, MS SQL Server);

– JavaScript-фреймворктарды пайдалану тәжірибесі (Sencha Ext JS, Dojo Toolkit, jQuery);

– Жүйелік шинаны, интеграциялық адаптерлерді немесе веб-сервистерді пайдалану арқылы кәсіпорын қосымшаларын интеграциялау (EAI) тәжірибесі;

– Деректерді жіберу және алмасу негізгі протоколдардың жұмыс істеу принциптерін жетік білу және түсіну;

– SVN, CVS немесе ұқсас өнімдерді қолдану арқылы қосымшаларды ұжымдық әзірлей білу және тәжірибесі;

– Linux және Microsoft Windows операциялық жүйелерін мықты білу;

– Ірі вендорлардың (IBM, EMC, Oracle) өнімдер желісін білу;

– Адамдармен тіл табыса алу және шығармашылық көзқарас.

7

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді (қай тілді) білу деңгейі:

Ағылшын тілін техникалық деңгейде (intermediate) білу. ҚР азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі.

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейін.