АТ сүйемелдеу қызметінің екінші желісінің кеңес берушісі

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі АТ сүйемелдеу қызметінің екінші желісінің кеңес берушісі

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі қызметтік міндеттері:

АТ инфрақұрылымы жұмысының қызмет етуіне бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

3

Негізгі лауазымдық міндеттер:

–      Ақпараттық инфрақұрылымның пайдаланушыларына екінші желідегі техникалық қолдауды жүзеге асыру;

–      Жаңа жұмыс орындарын дайындау, жүйелік және қолданбалы БЖ-ны алғашқы инсталляциялау;

–      Пайдаланушылардың жұмыс орындарын көшіру;

–      ДК мен баспа құрылғыларына шығыс материалдарын жеткізу және ауыстыру;

–      Баспа құрылғыларына техникалық қызмет көрсету;

–      БЖ мен пайдаланушының қатысуын талап ететін құралдардың қайшылықтарын шешу;

–      ДК мен перифериялық құралдардың диагностикасы мен кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу;

–      Кабельдік және сымсыз желіге қызмет көрсету;

–      Уақытша және тұрақты жұмыс орындарын орналастыруға және оларды ЖЕЖ-ге қосуға байланысты мәселелерді шешу

5

Білімі:

Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғарғы білім. Салалық халықаралық сертификаттардың бар болғанына артықшылықа беріледі (мысалы, ITSM)

6

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

IT саласындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес

7

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері:

–      Кеңсе қосымшаларын advanceduser деңгейінде білу;

–      Қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы орнату дағдыларының бар болуы;

–      Заманауи операциялық жүйелерді жақсы меңгеру – MacOS, Linux, Windows;

–      Перифериялық пайдалану құралдарымен жұмыс істей білу–драйверлерді орнату, принтерлерді желіде пайдалану және т.б.

–      Заманауи баспа құрылғыларының жұмысы мен құрылымдық ерекшеліктерін білу;

–      Стационарлық ДК мен ноутбуктерді диагностикалау және жөндеу дағдылары;

–      Жергілікті есептеу желілерін құру негіздерін білу;

–      VoIP құрылғыларымен жұмыс істеу тәжірибесі;

–      ITSM принциптерін білу;

–      ДК архитектурасын білу

8

Тіл білімі:

Мемлекеттік, Ағылшын (intermediate) және орыс тілдерін білу

10

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдап алғанға дейін