Ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу қызметінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі Ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу қызметінің менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі қызметтік міндеттері:

–  «Назарбаев Университеті» қызметкерлері мен студенттерінің жеке және жалпы қолдануындағы аппараттық-бағдарламалық құралдармен біріктірілген жаңа ақпараттық жүйелерді «Назарбаев Университеті» және оның еншілес мекемелерінің АТ-инфрақұрылымын іске қосу және енгізу;

–  ақпараттық жүйелердің штатты, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

–  ақпараттық жүйелерді пайдалану жөнінде әр түрлі пайдаланушылар тобына жедел кеңес берушілік көмек көрсету;

–  ақпараттық жүйелерді қолдану бойынша пайдалану құжаттамасын әзірлеу және өзектендіру;

–  ақпараттық жүйелердің жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын басқару;

–  ақпараттық жүйелерге қатысты қателерді бақылау жүйесінде қателерді, ескертулер мен ұсыныстарды тіркеу, сонымен қатар оларды өз құзыретінде түзету;

–  апатты жағдайларда ақпараттың резервтік көшірмесін жасау және қалпына келтіру;

–  ақпаратттық жүйелерді пайдалану журналын жүргізу (бас тартулар журналы, ескертпелер журналы және т.б.);

–  ақпараттық жүйелерлерге арналған жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеу бойынша реттемелік жұмыстарды өткізу;

–  мекеменің бекітілген ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Қызметтің іс-қағаздарын жүргізу;

–  қызметтің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша кеңес берушілік және әдістемелік көмек көрсету

4

Білімі:

ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білім

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

АТ саласындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес, инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу тәжірибесі (1 ірі жобадан кем емес)

6

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері:

–  кеңсе қосымшаларын advanced user деңгейінде білу;

–  қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы орнату дағдыларының болуы;

–  шина жүйесін, интеграциялық адаптерлер мен веб-сервистерді пайдалана отырып, корпоративтік қосымшаларды интеграциялау қағидаларын білу (ЕАІ);

–  АТ саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарды білу;

–  СУБД Oracle, MS SQL Server, PostgreSQL немесе MySQL;

–  Linux және MS Windows операциялық жүйелерін білу;

–  ақпараттық жүйелерді енгізу  және  сүйемелдеу қағидаларын білу;

–  ITSM қағидаларын түсіну;

–  ДК сәулетін білу

7

Тіл білімі:

Мемлекеттік, орыс, ағылшын (intermediate деңгейінен төмен емес) тілдерін білу

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейін