Ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі Ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу қызметінің аға менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі қызметтік міндеттері:

–  «Назарбаев Университеті» қызметкерлері мен студенттерінің жеке және жалпы қолдануындағы аппараттық-бағдарламалық құралдармен біріктірілген жаңа ақпараттық жүйелерді «Назарбаев Университеті» және оның еншілес мекемелерінің АТ-инфрақұрылымын іске қосу және енгізу;

–  ақпараттық жүйелердің штатты, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

–  АТ-жобалар аясындағы ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу бойынша топты басқару;

–  АТ-жобаларды басқару;

–  ішкі нормативті, пайдалану, технкалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;

–  ақпараттық жүйелерге қатысты қателерді бақылау жүйесінде қателерді, ескертулер мен ұсыныстарды тіркеу, сонымен қатар оларды өз құзыретінде түзету;

–  қызметтің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша кеңес берушілік және әдістемелік көмек көрсету;

–  ақпараттық жүйелердің жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын басқару;

–  апатты жағдайларда ақпараттың резервтік көшірмесін жасау және қалпына келтіру;

–  ақпаратттық жүйелерді пайдалану журналын жүргізу (бас тартулар журналы, ескертпелер журналы және т.б.)

4

Білімі:

Ақпараттық технологиялар саласына қатысты мамандықтар бойынша жоғары білім

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

Ақпараттық технологияларды енгізу мен сүйемелдеу саласындағы жұмыс тәжірибесі 4 жылдан кем емес, сонымен бірге инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу тәжірибесі (2 ірі жобадан кем емес)

6

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері:

–  есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандырудың техникалық қасиеттері, жұмыс істеу қағидаларын білу;

–  техникалық құжаттаманы құрастыру және өңдеу бойынша ережелерді, техникалық шарттарды, қолданыстағы стандарттарды білу;

–  нормативті құжатттаманы(қызметтік ережелер, регламенттер, ережелер т.б.) құрастыру және бекіту бойынша қабілеттері болуы;

–  еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін білу;

–  еңбек заңнамасының негіздерін білу;

–  шина жүйесін, интеграциялық адаптерлер мен веб-сервистерді пайдалана отырып, корпоративтік қосымшаларды интеграциялау қағидаларын білу (ЕАІ);

–  мәліметтерді жіберу мен алмасудың негізгі протоколдарының жұмыс істеу қағидаларын білу;

–  АТ саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарды білу;

–  бағдарламалық жасақтамаға талаптар құрастыру және бизнес-үрдістерді сипаттау үшін нотацияларды білу;

–  СУБД Oracle, MS SQL Server, PostgreSQL немесе MySQL басқару дағдыларының болуы;

–  Linux және MS Windows операциялық жүйелерін білу;

–  ақпараттық жүйелерді әзірлеу  және  сүйемелдеу қағидаларын білу;

–  бағдарламалық өнімдердің негізгі вендорларының (Oracle, IBM, Microsoft) тізімін білу;

–  мамандар тобын басқару, жоспарлау және олардың арасында тапсырмаларды үлестіру қабілеті;

–  АТ-жобаларды басқару қабілеті;

–  офистік қолбанбаларды advanced user деңгейінде білу;

–  ITSM қағидаларын түсіну;

–  байланысқа бейімділік, топпен жұмыс істеу дағдысы, бастамашылдық, ойлау қабілетінің орамдылығы(бейімділігі)

7

Тіл білімі:

мемлекеттік, орыс, ағылшын (Intermediate деңгейінен төмен емес) тілдерін білу

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

тиісті үміткерді таңдағанға дейін