Ақпараттық жүйелер сәулеті қызметінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library & IT Services» ЖМ Ақпараттық жүйелер сәулеті қызметінің менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

Ақпараттық жүйелер сәулеті қызметі Университеттің АT инфрақұрылымының сәулетін жоспарлау, АT  инфрақұрылымын құрайтын шешімдерді енгізу және оларға қолдау көрсету үшін жауап береді

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

– Ақпараттық жүйелерді, корпоративтік қосымшаларды іске асыру және интеграциялау технологиясын таңдау мен талдауға қатысу;

– АТ инфрақұрылымы сәулетін жобалауға қатысу;

–  Ақпараттық жүйелерді, корпоративтік қосымшаларды енгізу және интеграциялау  жобаларын басқару;

– Қосымшаларды әзірлеу жобаларына қатысу және олардың сапасын, өнімділігін арттыруға қатысу;

– Техникалық құжаттаманы әзірлеу (техникалық тапсырмалар, нұсқаулықтар, нұсқамалар және т.б.) ;

– Әзірленіп жатқан бағдарламалық жасақтамаға жобалық құжаттама (бағдарламаның сипаттамасын) мен пайдалану құжаттамасын әзірлеу

4

Білімі:

Жоғары кәсіптік

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі:

Жұмыс тәжірибесі мамандығы бойынша 2 жылдан кем емес.

Инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу мен жобаларды басқару бойынша тәжірибесінің болуы (1 ірі жобадан кем емес)

6

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері:  

– SOA тұжырымдамасын білу және SOA қосымшаларын IBM WebSphere, JBoss, Sun GlassFish, SAP NetWeaver, Oracle Application Server, MS SharePoint сияқты өнімдердің бірімен немесе өзге де баламалы өнімдерді пайдалана отырып  жобалау дағдысы;

– Жүйелік шинаны, интеграциялық  адаптерлер мен веб-сервистерді пайдалана отырып, корпоративтік қосымшалардың (EAI) интеграциясын білу және олармен жұмыс  істеу тәжірибесі;

– Оның ішінде түрлі RICH Client технологиясын пайдалана отырып веб-бағдарлы ақпараттық жүйелердің сәулеті мен қызметін жобалау тәжірибесі;

– Деректерді табыстау және олармен алмасудың негізгі хаттамасының жұмысының қағидаларын білу және түсіну;

– АТ саласында ұлттық және халықаралық стандарттарды білу және оларды жұмыста пайдалана білу;

– Бағдарламалық жасақтамаға қойылатын талаптарды қалыптастыруға және бизнес-процестерді сипаттауға арналған әдістерді білу және оларды жұмыста пайдалана білу;

– NET немесе J2EE пайдалана отырып, веб-қосымшаларды білу және оларды әзірлеу тәжірибесі;

– SVN, CVS немесе оған ұқсас өнімдерді пайдалана отырып қосымшаларды ұжымдық әзірлей білу дағдысы;

– СУБД Oracle, IBM DB2, MS SQL Server, PostgreSQL немесе MySQL деректер базасымен жұмыс істей білу, Cache немесе Sybase білгенге артықшылық беріледі;

– Linux және MS Windows операциялық жүйелерін жеткілікті білу;

– Порталдық шешімдерді әзірлеу және сүйемелдеу тәжірибесі мен білімі;

– Электрондық құжат айналымы жүйесін әзірлеу және сүйемелдеу тәжірибесі мен білімі;

– Корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және енгізуге қатысу;

– Негізгі вендорлардың бағдарламалық өнімдерінің сызығын білу (Oracle, IBM, Microsoft)

7

Тіл білімі:

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Ағылшын тілін техникалық деңгейде білу.

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейiн