Ақпараттық жүйелер құрылымы қызметінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

 Ақпараттық жүйелер құрылымы қызметінің менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері

Ақпараттық жүйелер құрылымы бөлімі Университеттің АT құрылымын – инфрақұрылымын жоспарлау, АT  инфрақұрылымын құрайтын шешімдерді енгізу және оларға қолдау көрсету үшін жауап береді.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

Менеджердің үлгілік міндеттеріне жататындар:

– Ақпараттық жүйелерді, корпоративтік қосымшаларды іске асыру және интеграциялау технологиясын таңдау мен талдауға қатысу.

– АТ-инфрақұрылымын жобалауға қатысу.

–  Ақпараттық жүйелерді, корпоративтік қосымшаларды енгізу және интеграциялау  жобаларын басқару.

– Қосымшаларды әзірлеу жобаларына қатысу және олардың сапасын, өнімділігін арттыруға қатысу.

– Логикалық және физикалық деректер үлгісін, сонымен қоса пайдаланушының интерфейсін жобалау

– Жүйелерге функционалдық талаптарды жинау және келісім алу, техникалық құжаттаманы әзірлеу (техникалық тапсырмалар, нұсаулықтар, нұсқамалар және т.б.).

– Әзірленіп жатқан бағдарламалық қамтамасыз етуге жобалық құжаттаманы (бағдарламаның сипаттамасын) және пайдалану құжаттамасын әзірлеу. 

4

Білімі

Білімі – жоғары кәсіби 

6

Қажетті кәсіби тәжірибесі  (ұзақтығы, саласы, аясы және т.б.)

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес.

Инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу мен жобаларды басқару бойынша тәжірибесінің бар болуы (1 ірі жобадан кем емес).

7

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері

– Келесі өнімдердің бірін IBM WebSphere, JBoss, Sun GlassFish, SAP NetWeaver, Oracle Application Server, MS SharePoint немесе өзге де баламалы өнімдерді пайдалана отырып,  SOA тұжырымдамасын және SOA қосымшаларын жобалау дағдысы.

– АТ саласында ұлттық және халықаралық стандарттарды білу және оларды жұмыста пайдалана білу.

– Бизнес-процестер мен бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды BPMN немесе UML шартты белгілерін қолдана отырып сипаттай білу және оларды жұмыста пайдалану.

– Oracle, IBM DB2, MS SQL Server, PostgreSQL немесе MySQL дерекқорды басқару жүйелерімен жұмыс істей білу.

– Логикалық және физикалық деректер үлгісін жобалай білу (PowerDesigner-ді қолдану арқылы).

– Пайдаланушының интерфейсін жобалай білу (MS Visio-ны қолдану арқылы).

– Порталдық шешімдерді және электрондық құжат айналымы жүйесін әзірлеу және қолдау тәжірибесі мен білімі.

– Корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және енгізуге қатысу.

– Негізгі вендорлардың бағдарламалық өнімдерінің сипатын білу (Oracle, IBM, Microsoft).

8

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді (қай тілді) білу деңгейі

Ағылшын тілін техникалық деңгейде білу (intermediate және жоғары).

ҚР азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі. 

9

Резюмені беру мерзімі

Лайықты кандидаттарды іріктеудiң  аяқталуына дейiн