Ақпараттық жүйелер құрылымы қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

  Ақпараттық жүйелер құрылымы қызметінің аға менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

Ақпараттық жүйелер құрылымы бөлімі Университеттің АT құрылымын – инфрақұрылымын жоспарлау, АT  инфрақұрылымын құрайтын шешімдерді енгізу және оларға қолдау көрсету үшін жауап береді.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

Менеджердің үлгілік міндеттеріне жататындар:

– Ақпараттық жүйелерді, корпоративтік қосымшаларды іске асыру және интеграциялау технологиясын таңдау мен талдауға қатысу.

– АТ-инфрақұрылымының логикалық және технологиялық үлгісін қалыптастыру.

– АТ-инфрақұрылымын жобалауға қатысу.

– Қосымшаларды әзірлеу және олардың сапасын, өнімділігін арттыру жобаларын басқару.

– Ақпараттық жүйелерді, корпоративтік қосымшаларды енгізу және интеграциялау жобаларын басқару.

– АТ-инфрақұрылымға қатысты регламенттік және техникалық құжаттаманы әзірлеу және оларға келісім алу.

– Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға арналған құжаттамаларды (техникалық сипаттама, шарттың жобасы, сараптамалық қорытынды) әзірлеу және оларға келісім алу.

4

Білімі:

Білімі – жоғары кәсіби 

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі  (ұзақтығы, саласы, аясы және т.б.):

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 4 жылдан кем емес. Инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу мен жобаларды басқару бойынша тәжірибесінің бар болуы (2 ірі жобадан кем емес).

Басқарушылық қызметтегі(немесе бағдарлама жасау және инфраструктуралық проектілердің менеджері) тәжірбие көлемі 1 жылдан кем болмауы керек.

6

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері:

– Келесі өнімдердің бірін IBM WebSphere, JBoss, Sun GlassFish, SAP NetWeaver, Oracle Application Server, MS SharePoint немесе өзге де баламалы өнімдерді пайдалана отырып,  SOA тұжырымдамасын және SOA қосымшаларын жобалау дағдысы.

– Жүйелік шинаны, интеграциялық  адаптерлер мен веб-сервистерді пайдалана отырып, корпоративтік қосымшалардың (EAI) интеграциясын білу және олармен жұмыс  істеу тәжірибесі.

– Түрлі RICH Client технологиясын пайдалана отырып, ақпараттық веб-бағдарлау жүйелердің құрылымы мен қызметін жобалау тәжірибесі.

– АТ саласында ұлттық және халықаралық стандарттарды білу және оларды жұмыста пайдалана білу.

– Бизнес-процестер мен бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды білу және оларды жұмыста пайдалана білу (UML, BPMN, IDEF).

– Логикалық және физикалық деректер үлгісін жобалай білу

– СУБД Oracle, IBM DB2, MS SQL Server, PostgreSQL немесе MySQL деректер базасымен жұмыс істей білу, Cache немесе Sybase білгені жақсы.

– Деректерді берудің және олармен алмасудың негізгі хаттамасының жұмысын білу және ұстанымдарын түсіну.

– Ақпараттық жүйелерін құру және дамыту жобаларын басқару тәжірибесі мен жетік білімі.

Уверенное знание и опыт управления проектами по созданию и развитию информационных систем.

– Міндеттерді іске асыруға қажетті уақыт, материалдық және адам ресуртарының көлемін есептеу әдістемесін білу.

– Тәуекелдерді басқару қағидарарын білу.

– Linux және MS Windows операциялық жүйелерін жақсы білу.

– Негізгі вендорлардың бағдарламалық өнімдерінің сипатын білу (Oracle, IBM, Microsoft).

7

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді (қай тілді) білу деңгейі:

Ағылшын тілін intermediate деңгейде білу. ҚР азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі. 

8

Резюмені беру мерзімі:

Лайықты кандидаттарды іріктеудiң  аяқталуына дейiн