Ақпараттық-библиографиялық қызметтің эксперт-менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library & IT Services» жеке мекемесі Ақпараттық-библиографиялық қызметтің эксперт-менеджері

2

Бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері:

Кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ғылыми-ақпараттық қызмет көрсету

3

Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері:

¾  Кітапхана ресурстарын зерттеуге және пайдалануға көмектесетін кеңес беру сұхбаттарын өткізу

¾  Пайдаланушыларға кітапханадағы материалдарды және электрондық ресурстарды табуға және пайдалануға көмектесу

¾  Кітапхана деректер базаларын, ақпараттық сауаттылық және ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, тренингтер мен семинарлар өткізу

¾  Ақпараттық библиография қызметін жарнамалау мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру

¾  Қазіргі заманғы технологияларды және халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, ақпараттық библиография қызметінің жаңа әдістерін жобалау және жқмысқа енгізу

¾  Кітапхана жұмыс кестесіне сәйкес ақпараттық библиография қызметін көрсету (кешкі уақытта және демалыс күндері)

¾  «Кітапханашыдан сұра» қызметінің міндеттерін атқару, сұрақ-жауап ағымын басқару

¾  Нұсқаулықтарды, ережелерді және саяси құжаттарды дайындау

¾  Анықтамалық қызметтердің тиімділігін бағалауға қатысу

¾  Ұстаздар ұжымымен бірлесіп жұмыс істеу

¾  Тақырыптық салада мамандандырылған анықтамалық көмек көрсету (мысалы, білім беру, әлеуметтік ғылымдар және т.б.)

¾  Кітапхана қорына баспа әдебиетін және электронды ресурстарын таңдау

¾  Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу және пайдалану тиімділігін талдау

4

Білімі:

«Кітапхана және ақпараттық ғылым» білім саласында магистр (MLIS) дәрежесінен төмен емес академиялық дәреже

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

Жоғары оқу орын кітапханасында кем дегенде үш (3) жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек

6

Кәсіби біліктілігі және жеке қабілеттері:

¾  Деректер базасы, электронды және баспа ресурстарымен таныс болу

¾  Жазу және сөйлеу дағдылары жоғары деңгейде болуы тиіс

¾  Педагогикалық технологияларын білу

¾  Ұйымдастырушылық, жоспаралау және аналитикалық ойлау қабілетінің болуы

¾  Оқытушы немесе тәлімгерлік тәжірибесі болуы тиіс

¾  Тұлғааралық қарымқатынас құра білу және командада жұмыс істеу қабілеті

7

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білуі:

Ағылшын тіл білімі – жоғары деңгейде. Қазақ және орыс тілдерін білуіне  артықшылық беріледі

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Лайықты үміткерді таңдап алғанға дейін