Анықтамалық библиография қызметінің аға-менеджері «Nazarbayev University Library & IT Services»

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы

Анықтамалық библиография қызметінің аға-менеджері «Nazarbayev University Library & IT Services»

2

Бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері

Кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ғылыми-ақпараттық қызмет көрсету

3

Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері

–     Ақпараттық қызметтер сапасын жақсарту бойынша жобаларды әзірлеу және басқару

–  Кітапхана ресурстарын зерттеуге және пайдалануға көмектесетін кеңес беру сұхбаттарын өткізу

–  Пайдаланушыларға кітапханадағы материалдарды және электрондық ресурстарды табуға және пайдалануға көмектесу

–  Кітапхана деректер базаларын, ақпараттық сауаттылық және ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, тренингтер мен семинарлар даярлау

–    Баспа өкілдерімен және ақпараттық ресурстар провайдерлерімен бірлесіп жұмыс істеу және семинарлар ұйымдастыру

–  Ақпараттық библиография қызметін жарнамалау мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру

–  Қазіргі заманғы технологияларды және халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, ақпараттық библиография қызметінің жаңа әдістерін жобалау және жұмысқа енгізу

–  Кітапхана жұмыс кестесіне сәйкес ақпараттық библиография қызметін көрсету (кешкі уақытта және демалыс күндері)

–  «Кітапханашыдан сұра» қызметінің міндеттерін атқару, сұрақ-жауап ағымын басқару

–  Нұсқаулықтарды, ережелерді және саяси құжаттарды дайындау

–  Анықтамалық қызметтердің тиімділігін бағалауға қатысу

–  Ұстаздар ұжымымен бірлесіп жұмыс істеу

–  Тақырыптық салада мамандандырылған анықтамалық көмек көрсету (мысалы, білім беру, әлеуметтік ғылымдар және т.б.)

–  Кітапхана қорына баспа әдебиетін және электронды ресурстарын таңдау

–  Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу және пайдалану тиімділігін талдау

–    Ақпараттық библиографиялық қызметінің тиімділігін бағалау

4

Білімі

Солтүстік Америка, Канада, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы аккредиттелген университеттерден дәрежесінен төмен емес «Кітапхана және ақпараттық ғылым» білім саласында магистр (MLIS) академиялық дәрежесі бар кандидаттар. Сонымен қатар, басқа пәндер бойынша білім алған үміткерлер де қарастырылады, дегенмен, кітапхана ғылымы білім саласында дәрежесі бар кандидаттарға басым беріледі.

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі. (жұмыс өтілімінің ұзақтығы, қызмет саласы, кәсібі және т.б.)

т.б.):

Жоғары оқу орын кітапханасында кем дегенде үш (3) жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек;

6

Кәсіби біліктілігі және жеке қабілеттері

¾    Жоба басқару қабілеттілігі

¾  Деректер базасы, электронды және баспа ресурстарымен таныс болу

¾  Жазу және сөйлеу дағдылары жоғары деңгейде болуы тиіс

¾  Ақпараттық сауаттылықты үйретудегі педагогикалық технологияларын білу

¾  Ұйымдастырушылық, жоспаралау және аналитикалық ойлау қабілеттілігі

¾  Оқытушы немесе тәлімгерлік жұмыс тәжірибесі болуы тиіс

¾  Тұлғааралық қарымқатынас құра білу және командада жұмыс істеу қабілеті

7

Тілдерді оның ішінде мемлекеттік тілді білуі

Ағылшын тіл білімі – жоғары деңгейде. Қазақ және орыс тілдерін білуі басым артықшылық қосады

8

Резюме беру мерзімі

Лайықты үміткерді таңдап алғанға дейін резюме жіберуге болады