Қамтамасыз ету бөлімінің аға менеджері (негізгі қызметкердің орнын уақытша алмастыру уақытына)

Түйіндемені жіберу

 

Лауазымының атауы

Қамтамасыз ету бөлімінің аға менеджері

(негізгі қызметкердің орнын уақытша алмастыру уақытына)

1

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері

– маркетингтік зерттеулерді және тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бағаларына талдау жүргізу;

– құрылымдық бөлімшелердің бюджеттік өтінімдерін жасау және тиісті қаржы жылына беру;

– тауарларды сатып алуларды жыл сайын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;

 – қажетті зертханалық және өндірістік жабдықпен, білдектермен, шығыс материалдарымен және т.с.с.материалдық-техникалық жабдықтау;

– жеткізушілердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу мерзімдерін және көлемін сақтауын ұйымдастыру және бақылау;

– іс қағаздарын жүргізуді және құжат айналымын ұйымдастыру және бақылау.

2

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

– Тәжірибелік-эксперименталды цехқа, Электронды шеберханаға, “FabLab” цифрлық прототиптеу зертханасына және ЖЭК Полигонына жеткізуді және тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен жабдықтауды ұйымдастырады;

– жеке және заңды тұлғалардың жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін орындауын бақылайды және олардың тиісінше орындалуы бойынша шаралар қолданады;

– жұмыскерлердің өтінімдерін жиынтықтайды және бөлімшенің талаптарына сәйкес тиісті қаржы жылына/ бюджетке түзетулер енгізу үшін Жетекшілігіндегі құрылымдық бөлімшелерінің жобасын қалыптастырады;

– бекітілген тәртіпте іс қағаздарын, Мекеменің бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және әлеуетті өнім берушілермен хат алмасуды жүргізеді.

3

Білімі

–   жоғары білім

4

Күтілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, аясы, салалары және т.б.)

–    өндірістік компанияларда сатып алуларды, жеткізулерді іске асыруда еңбек өтілі кемінде бес жыл (машина жасау саласы құпталады).

5

Кәсіби білімі және тұлғалық қасиеттері

–   ҚР мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманы білу;

–   өндірістің қажеттілігі үшін сатып алуларды іске асыру тәжірибесі;

–   жобаларды басқаруда халықаралық стандарттарды пайдалана білу тәжірибесі;

–   өзбетімен білім алуға және бар дағдыларын дамытуға қабілеттілік;

–   жауаптылық, ұқыпты, көп мәселелерді игере алу, жылдам шешім қабылдай білу, стресстік жағдайда жұмыс жасай білу, топта жұмыс жасай білу және оған ықыласты болу;

–    мақсаттылық, нәтижеге жұмыс жасау.

6

 Тілді, соның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қай тілді екенін көрсету)

–   ағылшын тілін білу құпталады.

7

Дербес компьютерді  пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру дәрежесі)

–   ДК тәжірибелі пайдаланушы

–   Microsoft Office тәжірибелі пайдаланушы

8

Түйіндеме беру мерзімі

 Жоғарыда аталған талаптарға сай үміткерді таңдағанға дейін.