Әлеуметтану саласындағы инструктор, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

Түйіндемені жіберу

Назарбаев Университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің әлеуметтану және антропология кафедрасы әлеуметтану саласындағы нұсқаушы лауазымына өтінімдерді қабылдай бастады. Жұмыс 2019 жылдың тамыз айынан басталады. Кандидат әлеуметтану мамандығы бойынша кем дегенде батыс жоғары оқу орнының магистр дәрежесіне ие болуы керек;  Әлеуметтану саласында PhD дәрежесінің болғаны лазым. Потенциалды кандидат әлеуметтануға кіріспе, сандық және сапалық әдістер, әлеуметтанулық теория секілді бакалавриат деңгейіндегі міндетті әлеуметтану курстарын оқыта алуы керек. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Жұмыс жүктемесі әрбір семестрде төрт курс (жылына сегіз курс), және әлеуметтік жұмыстарды қамтиды.

Кандидаттар hr.shss@nu.edu.kz электронды поштаға ілеспе хат, түйіндеме, диплом және транскрипт көшірмесін, ұсынымхат беруші 2 тұлғаның аты-жөні мен байланыс ақпараттарын, ағылшын тілінде академиялық жазбаша жұмыс үлгісін жіберулері тиіс. Толтырылған өтініштер 2018 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады. Кандидаттар  ұсынымхаттардың белгіленген мерзімге дейін жіберілуіне өздері жауапты. Толық емес өтініштер қарастырылмайды. Қысқа тізімге енген кандидаттар ғана сұхбатқа шақырылады.

Осы лауазымға қатысты сұрақтарды Ан Софияға sofiya.an@nu.edu.kz жіберуге болады.