1 | Лауазым атауы: | Әкімшілік сұрақтар бойынша маманы, Ғылым және технологиялар мектебі |
2 | Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері: | - Ғылым және технологиялар мектебі деканының ортақ басшылығының көмегімен, әкімшілік сұрақтар бойынша ассистент мектеп деканына әртүрлі облыстарда: арнаулы жоба, хат алысулар, деканның күнтізбесі және Декан кеңсесіне қатысты күнделікті сұрақтарды шешуді қоса алғанда мектеп Деканына әкімшілік, орындаушылық және аналитикалық қолдау жүргізу.
|
3 | Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері: | - Мектептің күнделікті операциялық жұмысына әкімшілік қолдау көрсету, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, мына функцияларды орындайды: қызметтік және талдамалық жазбахаттарды жасау, қызмет көрсету туралы құпия сипаттағы құжаттар мен шарттарды келісу, іссапарлар мен олар бойынша есептерді орындау.
- Мектеп қызметкерлерін ерікті түрде сақтандыру кезінде, негіздік ақпаратты HSE департаментіне уақытында ұсынып отыру.
- Университеттің әкімшілік-қаржы департаменттерімен, сондай-ақ өзге де сыртқы ұйымдармен ынтымақтастықта оқытушылар үшін бейімделу бағдарламасының толық циклін дайындауға көмектесу.
- Академиялық және әкімшілік персоналға Астана қаласының салық және көші-қон органдарынан жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарды алуға, оларды тіркеуге көмек көрсету.
- Халықаралық жалдау веб-сайттарында (HigherEdJobs, Chronicles және т.б.) жұмысқа жарнамаларды жариялау, шот-фактураларды өтеу.
- Мектептің халықаралық академиялық персоналының көшіп келуін НУ-дың тиісті департаменттерінің келісімі бойынша ұйымдастыруға көмек көрсету: жеке заттарды тасымалдау, жануарларды/үй жануарларын (егер осындайлар бар болса) тасымалдау мәселесін және халықаралық персоналды көшіруге байланысты кез келген басқа да мәселелерді үйлестіру.
- Қажеттілігіне қарай басқа да міндеттерді орындау.
|
4 | Білімі | Жоғары-профессионалды, Батыс жүйесі бойынша қызмет ететін университеттен алынған диплом – міндетті. (MA/MBA/M.Phil/MSc дәрежелеріне басымдылық беріледі). |
5 | Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, аясы, саласы мен басқалары | Негізгі қызметтік міндеттерде аталған салаларда, қызметі студенттермен жұмыс жасауға бағытталған жоғары оқу орнында, және/немесе үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс. Қазақстан және халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі қажет. |
6 | Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері | - Жоғары білім саласындағы жұмыс тәжірибесі
- Үздік АТ-дағдылары
- Жақсы жазбаша және ауызша коммуникативтік дағдылары
- Материалды жеткізе білу дағдысы
- Математикалық қабілетінің жақсы деңгейі
- Бірлесіп жұмыс істеудің тиімді дағдылары
- Өз бетінше, сондай-ақ командада жұмыс істей білуі, сонымен қатар көптеген мәселелер аясын үйлестіре білуі
|
7 | Тілдерді білу, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (өзіңіз білетін тілдерді көрсетіңіз) | Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік білу; Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі ауызша және жазбаша дағдылары өте жақсы болуы қажет. |
8 | Компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі): | Компьютерді білу деңгейі өте жоғары болуы қажет (MS Office 95\98\2000\2007, MS Windows 95\98\XP\Vista, Internet ) |
9 | Резюмені беру мерзімі: | Лайықты үміткерді алғанға дейін |