Академиялық қазақ тілі нұсқаушысы

Түйіндемені жіберу

Талаптар:

 

– “Қазақ тілі және әдебиеті”/”Қазақ филологиясы” мамандығы бойынша жоғары білімі, білім беру саласының магистрі дәрежесі (“Қазақ тілі және әдебиеті”)/ гуманитарлық ғылымдар саласының  магистрі дәрежесі  (”Қазақ филологиясы”);

– қазақ тілін оқытудың 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі; 

– академиялық қазақ тілін оқытудың әр түрлі әдістерін жан-жақты білу;

– қазақ тілін қашықтықтан оқыту тәжірибесі (мысалы, Moodle және Adobe Connect);

– ағылшын тілін білу (intermediate).

– қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың куәлігі және ересек адамдарды оқытудың мамандандырылған курсын бітіргені туралы куәлігі артықшылық болып табылады.

 

Міндеттері:

 

– магистранттар мен докторанттар үшін академиялық қазақ тілінің оқу курсын әзірлеу және оқыту;

– академиялық қазақ тілін оқытудың тиімді және жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу;

– консультациялар, жеке түрде сабақ беру және қызметтің басқа көмекші түрлері;

– магистранттар мен докторанттарды жеке оқыту траекториясының жұмысы және оқыту бағдарламасымен келісу үшін “NUGSE”ЖМ басқа профессорлық-оқытушылар құрамымен бірлесіп жұмыс істеу.

 

Таңдау критерийлері:

 

– тиісті оқыту/жұмыс өтілі;

– магистранттар мен докторанттарға академиялық қазақ тілін оқыта білу;

– тілді аудиторияда оқыта білу және қашықтықтан оқыта білу;

– әр түрлі мәдениетті ортада жұмыс істей білу;

– өте жақсы тұлғааралық және коммуникативтік дағдылары;

– өте жақсы жоспарлау және ұйымдастырушылық дағдылары;

-магистранттың/докторанттың нақты қажеттіліктерін айқындау және тиісінше оқыту техникасын түзету.

 

Үміткерлер біліктілік және жұмыс тәжірибесі негізінде таңдалады. 

Түйіндемеңізді және ілеспе хатыңызды қазақ және ағылшын тілдерінде hr.gse@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.