Аға менеджері, Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Түйіндемені жіберу

 

1.       

Лауазымның атауы:

Аға менеджері

2.       

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

·      Университетті интернационалдандыру;

·      стратегиялық серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету;

·      академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін жасау және академиялық ұтқырлық процесін құруды қолдау;

·      шетелдік оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерді қолдау болып табылады.

3.       

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

·         Университетті интернационалдандыру ілгерілету процесіне қатысу, интернационалдандыру жөніндегі комитетінің жұмысы қолдау жасау;

·         Стратегиялық серіктестікті дамыту және ілгерілету процесіне қатысу (соның ішінде хат алмасу, жыл сайынғы серіктестер кездесіун ұйымдастыру, келіссөздер, т.б.);

·         Тиісті нормативтік құжаттарды (ережелер, тәртіптер, нұсқаулықтар) және халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікке қатысты ұсыныстар дайындау;

·         Халықаралық серіктестермен, соның ішінде жоғары оқу орындары, зерттеу институттары, елшіліктер, компаниялармен, меморандум және шарттарды дайындау, оларға қол қою;

·      Хаттама іс-шараларды, конференцияларды, кездесулерді және халықаралық серіктестермен келіссөздерді ұйымдастыру және оларға қатысу;

·      Жоғары білім саласы және Университетпен байланысты әртүрлі тақырыптарға аналитикалық жазбахат, презентация, ақпараттық сессиялар дайындау;

·      академиялық ұтқырлық процесіне қолдау көрсету;

·      интернацияландау процесіне, халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік процестеріне ақпараттық, аналитикалық және маркетингтік қолдау;

·      Департаменттің ресми сайттағы парақшасының мазмұның дамытуға қатысу.

4.       

Білімі:

Жоғары кәсіби, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында алған білімі болғаны дұрыс.

 

Магистратура, бакалавриат, немесе маман.

5.       

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, аясы, саласы және басқалары):

Магистр дәрежесі болғанда лауазымның негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес келетін мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес, немесе бакалавриат дәрежесі болғанда лауазымның негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес келетін мамандығы бойынша 7 жылдан кем емес мемлекеттік қызметте немесе халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда немесе «Назарбаев Университетінде» немесе оның ұйымдарында кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы тиіс.

6.       

Кәсіби білімі мен жеке сипаттамасы:

Жоғары деңгейде қарым-қатынас және презентация жүргізе білу, шетел қызметкерлерімен жұмыс және іс-қағаз жұмыстарын жүргізу тәжірибесінің болуы. Бөлімше міндеттері саласында мемлекеттік және шетелдік мекемелермен қарым-қатынас тәжірибесі.

7.       

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді  меңгеру деңгейі (қандай тілдер екенін көрсетіңіз):

Ағылшын, Қазақша, Орысша, тілдерін еркін меңгеру

8.       

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі):

ДК-ді Жоғары деңгейде меңгеру (Microsoft Windows, Microsoft Office)

9.       

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін