Аға менеджер, Халықаралық ынтымақтастық департаменті (лауазымды тұлғаның болмауы уақытында оның орнына уақытша жұмысы)

Түйіндемені жіберу

1.       

Лауазымның атауы:

Аға менеджер, Халықаралық ынтымақтастық департаменті (лауазымды тұлғаның болмауы уақытында оның орнына уақытша жұмысы)

2.       

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

·      Университетті интернационалдандыру;

·      стратегиялық серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету;

·      академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін жасау және академиялық ұтқырлық процесін құруды қолдау;

·      шетелдік оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерді қолдау болып табылады.

3.       

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

1.      Оқытушы-профессорлар құрамына қолдау көрсету (виза, тіркеу, әлеуметтік пакет, тұрғын үй мәселелері, консультация беру);

2.      Тұрғын үйді бөлу жөніндегі комиссия және еңбек демалысы уақытында жол жүру саясаты бойынша комиссиясының жұмысын ұйымдастыру:

·         Сұранымдарды қабылдау және өндеу;

·         Отырыстарды ұйымдастыру;

·         Хаттама жүргізу;

·         Есептеме дайындау және т.б.

 

3.      Сыртқы мемлекеттік және жергілікті билік органдарымен, сондай-ақ контрагенттермен ынтымақтастық және хат алмасу:

·         Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі;

·         Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті;

·         Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті;

·         Нотариустар;

·         Әуе агенттіктер, әуе компаниясылар;

·         Халықаралық мектептер.

 

4.       Департаменттің операциялық қызметін қолдау:

·         Ресми сапар ұйымдастыру және ақпараттық қолдау;

·         Есептерді дайындау;

·         Меморандумдар дайындау;

·         Халықаралық студенттерді қолдау және шетелде оқу бағдарламасы (қажет болған жағдайда).

4.       

Білімі:

Жоғары кәсіби, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында алған білімі болғаны дұрыс.

 

Магистратура, бакалавриат, немесе маман.

5.       

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, аясы, саласы және басқалары):

Магистр дәрежесі болғанда лауазымның негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес келетін мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес, немесе бакалавриат дәрежесі болғанда лауазымның негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес келетін мамандығы бойынша 7 жылдан кем емес мемлекеттік қызметте немесе халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда немесе «Назарбаев Университетінде» немесе оның ұйымдарында кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы тиіс.

6.       

Кәсіби білімі мен жеке сипаттамасы:

Жоғары деңгейде қарым-қатынас және презентация жүргізе білу, шетел қызметкерлерімен жұмыс және іс-қағаз жұмыстарын жүргізу тәжірибесінің болуы. Бөлімше міндеттері саласында мемлекеттік және шетелдік мекемелермен қарым-қатынас тәжірибесі.

7.       

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді  меңгеру деңгейі (қандай тілдер екенін көрсетіңіз):

Ағылшын, Қазақша, Орысша, тілдерін еркін меңгеру

8.       

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі):

ДК-ді Жоғары деңгейде меңгеру (Microsoft Windows, Microsoft Office)

9.       

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін