Аға ғылыми қызметкер

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Аға ғылыми қызметкер (жобаны жүзеге асыру мерзіміне)

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

Материалтану және электрохимия саласындағы негізгі және / немесе қолданбалы зерттеулерді, сондай-ақ тиісті және пәнаралық бағыттарды жүргізу бойынша шараларды жүзеге асыру.

3

Негізгі міндеттері:

Мырыш дендриттерін пассивтеу бойынша зерттеу жүргізу.

· Электрондық микроскопия, спектроскопия және т.б. әдістерді пайдаланып материалдарды сипаттау,  материалдардың физика-химиялық, электрлік және оптикалық қасиеттерін зерттеу және т.б. ;

· Мырыш дендриттерінің өсуін зерттеуге арналған ұяшықты құрастыру;

· Зерттеу тобының жас мүшелерін қадағалау/жетекшілік ету;

· Ішкі және сыртқы қаржыландыру ұйымдары үшін өтінімдер дайындау және ұсыну;

· Халықаралық рецензирленетін басылымдарда зерттеу нәтижелерін жариялау;

· Зерттеу нәтижелерін жариялау мақсатында конференцияларға қатысу.

4

Іссапарларға кету:

Ішкі және халықаралық іссапарлар болуы мүмкін

5

Білімі:

Материалтану, физика, химия, физика және пәнаралық салалардағы жоғары біліктілік

6

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.)

5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, импакт факторы бар халықаралық журналдарда мақалалары және халықаралық конференцияларда баяндамаларының болуы шарт;

· Н-индексі болғаны;

· Материалтану, нанотехнология саласында жұмыс тәжірибесі болуы қажет;

· Материалдарды талдау саласы мен микроскопия, спектрлік талдау әдістері саласында тәжірибесі болуы қажет;

· Ғылымның тиісті саласында құзыреттіліктің жоғарғы дәрежесі және терең білімі болуы қажет;

· Студенттермен жұмыс істеу тәжірибесі болуы қажет.

7

Кәсіби құзыреті

Мықты көшбасшылық дағдылары, академиялық жеке және командалық ортада жұмыс істеу қабілеті, бастаманы қолға алу қабілеті, мәселені өздігімен шешу дағдылары, өзін-өзі мотивациялай білуі.

8

Жеке қабілеттері:

Өзіндік тәртіптілік, командада жұмыс істей білуі, сыни ойлау қабілеті және мәселені шешу дағдылары.

8

Тіл дағдылары (кандидаттың игерген тілдерінің тізімі):

Ағылшын және орыс тілдерін еркін сөйлеу (міндетті түрде)

9

Компьютерлік дағдылар:

Күнделікті жұмыс жасауға қажетті Microsoft Office және онымен байланысты бағдарламалар

10

Түйіндеме мерзімі:

Жоғарыда келтірілген талаптарға сай келетін кандидатты таңдағанға дейін.

11

Байланыс тұлғасы:

indira.kurmanbayeva@nu.edu.kz, cv.nla@nu.edu.kz