Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазым атауы

Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің аға менеджері

 

2

Бөлімшенің негізгі және функционалды міндеттері

 

Ақпараттық қауіпсіздік қызметі Университетте ақпаратты қорғау бойынша бақылауды, компьютерлік оқиғалар бойынша, оларды анықтау және болдырмау мақсатында  ақпаратты талдауды, компьютерлік қауіпсіздік қатерлерін болдырмаудағы қолданушыларға кеңестік қолдауды қамтамасыз ететін бөлімше

 

3

Лауазымның негізгі және функционалды міндеттері

Аға менеджердің типтік міндеттеріне:

– компьютерлік оқиғаларды талдау және өңдеу

– АҚ саласындағы тәуекелдерді талдау, өңдеу

– пайдаланушылардың тіркеулік жазбаларын тексеру және бақылау

– техникалық құжаттамаларды дайындау

– АҚ саласындағы серверлік жабдықтарды сүйемелдеу

– АҚ саласындағы бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеу

– ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ішкі аудиттерді жүргізу

 

4

Білімі

Білімі – жоғарғы, ақпараттық қауіпсіздік немесе IT саласында

 

5

Қалаулы кәсіптік тәжірибе (ұзақтығы, аумағы, саласы және т.б.)

 

–  ақпараттық қауіпсіздік немесе IT саласында жұмыс тәжірибесі 4 жылдан кем емес;

–  АҚ саласындағы шешімдерді еңгізу және жобаларды басқару тәжірибесі болу қажет;

–  ISO 27000 топтамасындағы стандарттарды білу және түсіну;

– ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ҚР заңнамаларды білу

 

6

Кәсіптік білімі және тұлғалық мінездемелер

Кәсіби дағдылар:

–  DLP McAfee серверлік жабдығын орнату және жөндеп күйге келтіру

–  DLP McAfee жүйесін сүйемелдеу, ақпараттық қауіпсіздік саясаттарын жаңарту

–  ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарымен жұмыс істей білу тәжірибесі

–  осалдықтарды табу сканерлерімен жұмыс істей білу тәжірибесі

–  желілер құрылымы (топологиясы) негіздерін білу

–  VMWare виртуалдық ортада серверлерді өрістету негіздерін білу

– Unix-ке ұқсас серверлерге әкімшілік ету бойынша тәжірибе

–  2008 R2 және одан жоғарғы нұсқадағы Windows серверлеріне әкімшілік ету бойынша тәжірибе

–  «Назарбаев Университеті» ДББ ұйымында немесе оның еншілес ұйымдарында оң жұмыс тәжірибесі бар үміткерлерге артықшылық беріледі

 

7

Тілдерді иелену деңгейі, соның ішінде мемлекеттік, (қандайын көрсету қажет)

 

Ағылшын тілін білу міндетті (Intermediate немесе одан жоғары деңгей). ҚР азаматтарына қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, ал халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білу артықшылық болып табылады.

8

Түйіндемені беру мерзімі

Тиісті үміткерді таңдап алғанға дейін