| Лауазымының атауы | Қамтамасыз ету бөлімінің менеджері (негзгі қызметкердің орнын уақытша алмастыру уақытына) |
1 | Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері | – маркетингтік зерттеулерді және тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бағаларына талдау жүргізу; – құрылымдық бөлімшелердің бюджеттік өтінімдерін жасау және тиісті қаржы жылына беру; – тауарларды сатып алуларды жыл сайын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу; – қажетті зертханалық және өндірістік жабдықпен, білдектермен, шығыс материалдарымен және т.с.с.материалдық-техникалық жабдықтау; – жеткізушілердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу мерзімдерін және көлемін сақтауын ұйымдастыру және бақылау; – іс қағаздарын жүргізуді және құжат айналымын ұйымдастыру және бақылау. |
2 | Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері | – Тәжірибелік-эксперименталды цехқа, Электронды шеберханаға, “FabLab” цифрлық прототиптеу зертханасына және ЖЭК Полигонына жеткізуді және тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен жабдықтауды ұйымдастырады; – жеке және заңды тұлғалардың жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін орындауын бақылайды және олардың тиісінше орындалуы бойынша шаралар қолданады; – жұмыскерлердің өтінімдерін жиынтықтайды және бөлімшенің талаптарына сәйкес тиісті қаржы жылына/ бюджетке түзетулер енгізу үшін Жетекшілігіндегі құрылымдық бөлімшелерінің жобасын қалыптастырады; – бекітілген тәртіпте іс қағаздарын, Мекеменің бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және әлеуетті өнім берушілермен хат алмасуды жүргізеді. |
3 | Білімі | – жоғары білім |
4 | Күтілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, аясы, салалары және т.б.) | – «Назарбаев Университеті» жүйесінде сатып алу саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі |
5 | Кәсіби білімі және тұлғалық қасиеттері | – ҚР мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманы білу; – өндірістің қажеттілігі үшін сатып алуларды іске асыру тәжірибесі; – жобаларды басқаруда халықаралық стандарттарды пайдалана білу тәжірибесі; – өзбетімен білім алуға және бар дағдыларын дамытуға қабілеттілік; – жауаптылық, ұқыпты, көп мәселелерді игере алу, жылдам шешім қабылдай білу, стресстік жағдайда жұмыс жасай білу, топта жұмыс жасай білу және оған ықыласты болу; – мақсаттылық, нәтижеге жұмыс жасау. |
6 | Тілді, соның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қай тілді екенін көрсету) | – ағылшын тілін білу құпталады. |
7 | Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру дәрежесі) | – ДК тәжірибелі пайдаланушы – Microsoft Office тәжірибелі пайдаланушы |
8 | Түйіндеме беру мерзімі | Жоғарыда аталған талаптарға сай үміткерді таңдағанға дейін. |