Cофья Ким

Cофья Ким, НУ студенті Татьяна Кимнің (1-курс, Математика, ЖӘГҒМ) анасы

Біз Назарбаев Университетіне түсуге дайындалдық. Менің қызым IELTS, NUFYP ET сияқты емтихандарға дайындалу үшін математика және ағылшын тілінен қосымша сабақтарға қатысты. Бұдан қоса, өз бетінше дайындықты да шет қалдырған жоқ. Университетке түсу алдындағы эмоционалдық дайындыққа келетін болсақ, университет қабырғасындағы өмірдің қандай болатынын, қандай мәселелер туындауы мүмкін екенін және оларды қалай шешуге болатынын  талқылаудан жалыққан жоқпыз. Менің ойымша, университетке дайындық барысындағы ең бастысы мәселе балаңызға кез келген жағдайда қолдау көрсету.

Университеттегі оқу басталар алдында қызым басқа елде қалай өмір сүреді, айналадағы жаңа нәрселерге қалай бейімделіп кетер екен деген алаңым болды. Алайда, оқу басталып, біршама уақыт өткенде көптеген адамдармен танысып, ешқандай қиыншылықтарға тап болған жоқ, көңілімдегі алаң да басылды.

Университеттегі оқудың алғашқы жылы өте мазмұнды болды. Қызымның осы университетті таңдағанына өте қуаныштымын. Foundation бағдарламасы бойынша оқып, бұдан әрі қарайғы оқуында көмек болатын жаңа білімге ие болды. Оған қоса, университет өміріне бейімделіп, өз бетінше жүріп-тұруды үйренді.

Балаларыңызды басқа елге жіберуге қорықпаңыздар деп кеңес айтқым келеді. Жаңа жерде жаңа тәжирбие жинап, өздерін еркін ұстауға үйреніп, жаңа мүмкіндіктер ортасына түседі. Ересек өмірге жеткізетін маңызды қадам деп ойлаймын.