Алия Айсина

Алия Айсина, НУ студенті Айсин Ақанның (1-курс, Математика, ЖӘГҒМ) анасы

Оқуға түсуге дайындықты алдын ала бастаған дұрыс. Бір ай, жарты жыл бұрын емес. Өйткені, емтихандық тесттерді орта мектепті бітіргенге дейін бір жарым жыл бұрын да тапсыруға болады! Сондықтан дайындықты менің ұлым сияқты  алдын ала бастау керек.

Өз бетінше дайындықтан басқа, ұлым ағылшын тілі мен сыни ойлау бойынша тест тапсыруға жоғары сынып оқушыларын дайындауға маманданған оқу орталығында қосымша білім алды. Қазақстанда сынақ тестілерін (SAT, SSAT, GRE, GMAT, NUFYPET) дайындауға және өткізуге көмектесетін осындай орталықтар баршылық. Бұл тек бастамасы ғана. Тесттерді сәтті тапсырып, өте қатал конкурстан өтіп, менің ұлым Назарбаев Университетінің FOUNDATION дайындық мектебіне түсті. Мектептің тәжірибелі оқытушылары пәндер бойынша білім береді, өз ойларын ағылшын тілінде дұрыс және нақты айтуға үйретеді, болашақта оқуға түсу және оқу барысында пайдалы дағдыларға үйретеді. Дәл осы дайындық мектебінде алған білімінің арқасында менің ұлым университетке сәттілікпен түсіп, білім алып жатыр, курстастарының арасында жаңа достар тауып, өзіне деген сенімділігі артты.

FOUNDATION-ға түсер алдында да, емтихандар алдында да алаңдаушылық болмады деп айта алмаймын. Күш-жігері жетер ме екен деген уайымның болғаын да жасырмаймын. Бәрі де бос уайым екен. Емтихандардың барынша объективті, әділ өткізілетініне көз жеткіздік, барлығына бірдей және әділ жағдайлар жасалады. Ең бастысы өз балаңыздың потенциалына сеніңіз, оған жәрдем болыңыз, ол үшін барынша жайлы жағдай жасаңыз, бабын табыңыз. Балалардың болашағы ата-анасының қолдауына және олардың қосатын үлесіне өте байланысты.

Мен университет басшылығына ұлымды қолдауға мүмкіндік бергендері үшін ризамын. Бірінші оқу жылы өте мазмұнды және қызықты болды. Оқу босаңсуға жол бермейді. Студенттерге бір мезгілде бірнеше пән бойынша оқу материалының үлкен көлемі беріледі. Студенттерге дербестікті, ауқымды және креативті ойлауды үйретеді. Әлемнің 50-ден астам елінің профессорлары, Phd докторлары, жетекші ғалымдары жүргізеді. Шақырылған лекторлардың арасында Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемге танымал ғалымдар бар!  Университетке басқа мемлекеттерден, оның ішінде Еуропа, Америка, ТМД елдерінің жастарының да оқуға келетіні таңқаларлық нәрсе емес.

Маған университет ұсынған таңдау мүмкіндігі ұнайды! Оқудың бірінші жылында жалпы білім беру, оны бітіргеннен кейін студенттерге мамандық таңдауға мүмкіндік береді, ал екінші курста таңдауыңды өзгертуге болады.

Университетте қандай мейірімді, сау және жағымды атмосфера орнайды! Ойлап көріңізші, 200 астам спорт секциялары, курстары, клубтары жұмыс істейді. Университетке белгілі қоғам қайраткерлері, дипломаттар, бизнесмендер, белгілі бір салада табысқа жеткен кәсіби қызметкерлер шақырылып, олар балалармен өздерінің тәжірибесімен және білімімен бөліседі.

Сұранысқа ие жобалар іске асырылып жатыр. Мені әсіресе мүгедектігі бар азаматтар үшін көмекші технологиялар бойынша студенттер мен оқытушылармен бірлесіп әзірленген стартап қызықтырды. Бұл жоба Қазақстаннан БҰҰ-дағы Халықаралық көрмеде ұсынылды. Студенттер- өте тату және белсенді қауымдастық. Балалар қайырымдылықпен айналысады, өмірде қиын жағдайға тап болған балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетеді, осының бәрі де жарнамасыз, дабырасыз жасалады. Менің ұлым да волонтерлік қозғалыстың белсенді қатысушысы және университетке оқуға түсу және оқу мәселелері бойынша кеңес бере отырып, басқаларға көмектеседі. Осындай мүмкіндіктер үшін университет басшылығына алғыс айтамын!

  • Өз балаларыңыздың табыстылығына сеніңіз! Олардың әрқайсысы өзінше бірегей!
  • Балаңыздан қолдауыңызды аямай, ең бастысы оның болашақ мамандығын таңдауына ерік беріңіз.
  • Балаңыз университетке оқуға түсуге қаншалықты ертерек дайындалатын болса, оқуға түсу мүмкіндігі де соншалықты жоғары болады!
  • Оқу оңай шаруа емес, балаңыздың бойында бұрыннан қалыптасқан дағдылары мен жүктемелерге төтеп бере алатын қабілетінің маңызы аз емес. Сондықтан, қазір мектепте оқып жүрген қызыңыз немесе ұлыңыздың бойына осы дағдыларды сіңіріп, қалыптастыра беріңіз.
  • Жоғары оқу орнын таңдайтын болсаңыздар сөзсіз Назарбаев Университетін таңдаңыз деймін!