Ата-аналарға арналған ақпарат

 

Ата-аналарға арналған бағдарлау бағдарламасы
1-ші күн: Орыс тілінде ақпараттық сессиялар2-күн: Қазақ тіліндегі ақпараттық сессиялар

10.00 – 11.00, 8 тамыз, 2020 (Сенбі)

NUFYP бағдарламасы (сессия сілтемесі)

NUFYP студенттерінің ата-аналарына арналған сессия. Академиялық бағдарлама, академиялық тұтастық, студенттерді қолдау жүйесі және ата-аналардың өз балаларына қалай қолдау көрсетуі туралы көбірек біліңіз.

Спикер

  Рэйчел Никлас

  Студенттерге кеңес беру болiмiның аға оқытушысы

 


10.00 – 11.00, 8 тамыз, 2020 (Сенбі)

Академиялық эдвайзинг бөлімшесі бағдарламасы

(сессия сілтемесі)

Студенттердің ата-аналары бакалавриат бағдарламасы, НУ-нің Мектептері, бағалау жүйесі мен НУ-да оқудың ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Соңдай-ақ, сессияның екінші жартысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, жауап алалады.

Спикер

 Нуртанова Айна

Специалист AAU

 

 


Ақпараттық сессиялар (сессия сілтемесі)

15.00 – 16.30, 8 тамыз, 2020 (Сенбі)

Психологиялық кеңес беру орталығы бағдарламасы

“Психологиялық консультация орталығы” туралы ақпарат. Ата-аналарға қашықтықтан оқытуды оңтайлы ұйымдастыруға арналған ұсыныстар.

Спикер

Нуртаев Ерден

Аға психолог

 


Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы бағдарламасы

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының қызметтері, CareerNet мансап платформасы, түлектерінің мәртебесі, түлектер кауымдастығы

Спикер

Садыкова Анар

Аға менеджер

 


Студенттік істер жөніндегі департамент бағдарламасы

НУ студенттік өмірі, жаңа студенттерді бейімдеу, студенттік көшбасшылық және жобалар, жатақхана мәселелері, тәртіп сақтау және студенттердің мүдделерін қорғау

Спикерлер

Бекжанов Асхат

Директор

 

Жасенов Айбек

Аға менеджер

 


10.00 – 11.00, 9 тамыз, 2020 (Жексенбі)

NUFYP бағдарламасы (сессия сілтемесі)

NUFYP студенттерінің ата-аналарына арналған сессия. Академиялық бағдарлама, академиялық тұтастық, студенттерді қолдау жүйесі және ата-аналардың өз балаларына қалай қолдау көрсетуі туралы көбірек біліңіз.

Спикер

Рэйчел Никлас

Студенттерге кеңес беру болiмiның аға оқытушысы

 


10.00 – 11.00, 9 тамыз, 2020 (Жексенбі)

Академиялық эдвайзинг бөлімшесі (AAU) бағдарламасы

(сессия сілтемесі)

Студенттердің ата-аналары бакалавриат бағдарламасы, НУ-нің Мектептері, бағалау жүйесі мен НУ-да оқудың ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Соңдай-ақ, сессияның екінші жартысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, жауап алалады.

Спикер

Дауренбаева Айкерим

Менеджер AAU

 


Ақпараттық сессиялар (сессия сілтемесі)

15.00 – 16.30, 9 тамыз, 2020 (Жексенбі)

Психологиялық кеңес беру орталығы бағдарламасы

“Психологиялық консультация орталығы” туралы ақпарат. Ата-аналарға қашықтықтан оқытуды оңтайлы ұйымдастыруға арналған ұсыныстар.

Спикер

Саугабаева Назира

Аға психолог

 


Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы бағдарламасы

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының қызметтері, CareerNet мансап платформасы, түлектерінің мәртебесі, түлектер кауымдастығы

Спикер

 Есембекова Гайни

Аға менеджер

 


Студенттік істер жөніндегі департамент бағдарламасы

НУ студенттік өмірі, жаңа студенттерді бейімдеу, студенттік көшбасшылық және жобалар, жатақхана мәселелері, тәртіп сақтау және студенттердің мүдделерін қорғау

Спикер

Касымхан Нурмухамедов

Аға менеджер

 


Университетке дейінгі дайындық бағдарламасы (NUFYP)
  1. NUFYP бағдарламасы студенттерінің ата-аналарына арналған ақпарат (сілтеме)
  2. NUFYP 2020-2021Академиялық күнтізбе (сілтеме)
  3. NUFYP оқытушылар (сілтеме)
  4. NUFYP жаңалықтар (сілтеме)
Бакалавриат бағдарламасы - Академиялық эдвайзинг бөлімшесі (AAU)

Академиялық эдвайзинг бөлімшесі (AAU) бакалавриат бағдарламасының бірінші курс студенттерімен жұмыс істейді. Академиялық эдвайзинг бөлімшесі студенттерге пәндерді тандау мен тіркеу бойынша көмек көрсетеді; академиялық қиындықтары бар студенттерге қолдау көрсетеді; әр студенттің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, жеке кеңес береді және қажет болған жағдайда студенттерді университеттің тиісті бөлімшелеріне бағыттайды.

Академиялық кеңесшілер (академиялық эдвайзерлер) студенттерге білім беру процесіндегі академиялық мəселелерді шешуіне жəне кəсіптік даму бағытын анықтауға көмектеседі. Академиялық эдвайзерлердің рөлі – студентке бағыт беріп, оны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету жəне оның ілгерілеуін қадағалау. Сонымен қатар академиялық эдвайзерлер НУ-дың Академиялық ережелері мен рəсімдерін жəне мамандықтың талаптарын түсіндіруге, студенттердің ілгерілеуін бағалауға жəне кампуста бар ресурстар туралы ақпарат беруге көмектеседі. Студенттердің академиялық оқу жылында академиялық эдвайзермен жеке жəне топтық кеңес беру сессияларға қатысуға мүмкіндіктері бар.

Соңдай-ақ, AAU-де студенттерге қолдау көрсететін студент-эдвайзерлер (Peer Advisors) бар. Студент-эдвайзерлер – студенттерге оқу пәндеріндегі талаптарды түсіндіруге, өз тәжірибиесімен және НУ-дағы оқу ерекшеліктерімен бөлісуге дайын жоғары курс студенттері.

Академиялық эдвайзинг бөлімшесі туралы қосымша ақпаратты «Бірінші курс студенттерінің ата-аналарына арналған ақпараттық кітапшасында» осы сілтеме бойынша алуға болады.

Жұмыс тіркесі: Дүйенбі – Жұма 8.30 – 17.30

Қосымша ақпарат төменде көрсетілген сайттан алуға болады : http://www.nuaau.cf/ 

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

 

Біздің болашағымыз ел жастарының қолында! Мансапты таңдау отбасынан басталады, Университетте жалғасады және жұмыс берушіде соңғы нәтижесі айқындалады. Сондықтан біздің ортақ күшіміз бен қолдауымыз тұрақты және жүйелі болғаны өте маңызды.

Орталық Мансапты дамыту жөніндегі семинарлар мен кәсіби даму бағдарламасын іске асыру  арқылы студенттердің өмірлік және кәсіптік дағдыларын дамытады. Орталық жұмыс берушілермен іскерлік байланыстарды орнату,  Университетте рекрутингтік іс-шараларды, компаниялар презентацияларын, экскурсияларды және т.б. іс-шараларды ұйымдастыру арқылы студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуына өз үлесін қосады.

Орталық мамандары студенттерге интервьюде немесе түйіндемеде нақты айқындай алу үшін, өз дағдылары мен қызығушылықтарын белгілеуге көмектеседі. Сонымен қатар, олардың мансаптық мақсаттарына жетуін көздей отырып, нәтижелі стратегияларды қолдануды алға алады.

Бірге жарқын, жаңашыл және өркендеген болашақты құрайық!

 

Пайдалы сілтемелер:

Біздің сайт: https://cac.nu.edu.kz/en/

Youtube канал: https://www.youtube.com/user/NUCACchannel

Психологиялық консультация орталығы

Психологиялық Консультация Орталығының (ПКО) қызметкерлері бүкіл Университеттің қауымына психологиялық денсаулықты қолдау және нығайту жайында консультациялық көмек көрсетеді. Біздің психологтар студенттердің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе оқу нәтижесіне кедергі келтіретін кез келген проблемаларды өздері зерттей алатын қауіпсіз және құпия ортаны ұсынады.

 

Біз ұсынатын қызметтер:

  1. Жеке және топтық кеңес беру;
  2. Жалпы психоэмоционалдық жағдайды бағалау;
  3. Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер үшін әр түрлі тақырыптарға арналған вебинарлар, тренингтер, воркшоптар және семинарлар;
  4. Студенттердің әл-ауқатына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда ата-аналарға кеңес беру.

 

Біз әлеуметтік желілерде бармыз:

YouTube – NU Counseling       

Instagram – @nu_pcc

Бұл ресурстарда эмоционалдық теңгерімді сақтауға арналған әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен видеолар, вебинарлар, тікелей көрсетілімдер.

 

Ата-аналарға қашықтықтан оқытуды оңтайлы ұйымдастыруға арналған ұсыныстар:

  1. Бірінші кезекте, сабырлық сақтау аса маңызды, өйткені қашықтан оқыту ата-ана үшін де,бала үшін де (студент/оқушы) стресс тудыруы мүмкін.
  2. Бұл жағдайда баламен диалог, құрмет пен достық қарым-қатынасын орнату маңызды.
  3. Күннің әдеттегі тәртібі мен ырғағы сақталуы қажет (ұйқы мен сергектік уақыты, сабақтың басталу уақыты, олардың ұзақтығы, үзілістер және т.б.). Күн тәртібіндегі кенеттен пайда болған өзгерістер баланың бейімделу қабілеттерінің айтарлықтай өзгеруіне әкеліп соғады және шамадан тыс алаңдаушылық пен стресске әкелуі мүмкін.
  4. Жұмыс орнын ұйымдастыру өте маңызды. Барлық қажетті заттар көз алдында, қол жетерлік жерде орналасқаны абзал. Сонымен қатар, студент сыртқы кедергілерге алаңдамай, мұқият жұмыс істей алуы керек.Сондықтан студенттің жұмыс орнына үйдегі адамдардың, үй жануарларының кіріп-шығуына шектеу жасау маңызды.
  5. Техникалық мәселелерді шешіңіз. Таныс және ыңғайлы құрылғылардыы таңдаңыз. Интернет желісінің жұмысын тексеріңіз. Онлайн оқыту үшін қажеттінің бәрі де бар екеніне көз жеткізіңіз.
  6. Қашықтан оқыту кезінде студент өзін қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезініп, жаңа жағдайларға тез бейімделуі үшін өз тобымен, оқытушыларымен байланысын үзбеуі аса маңызды.
  7. Әр күннің соңында баладан оның күнінің қалай өткендігі, жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы сөйлесіп, қызығушылық танытыңыз. Даулы жағдайлардың шешімін бірлесіп іздеңіз. Қажет болса, оны қолдайтын сөздерге сараңдық танытпай, құшағыңызға басыңыз.
  8. Есіңізде болсын, сіздің балаңыз студент болды және бұл сіз үшін де, ол үшін де жаңа рөл. Бірақ үйде ұл/қыз және студент рөлдері араласып кетуі мүмкін. Үй міндеттерін оқуға талап етілетін уақытты ескере отырып, бөлу ұсынылады.
  9. Сіздің балаңыз алдағы жылдары жеке тұлға ретінде өзгереді, дамиды және бұл-адамның өмірінің осы кезеңіндегі қалыпты даму процесі. Шыдамды болыңыз және балаңыздың жаңа қадамдарына қолдау білдіріңіз.
  10. Егер сіз балада қиындықтар бар екенін байқасаңыз (ол мазасыз, оған қиын, қорқып жүргенін) және сіз өз бетіңізбен жеңе алмайтындығыңызды түсінсеңіз, бұл мәселемен жалғыз қалмаңыз! Сіз әрдайым университет қызметкерлерінің (эдвайзерлер, психологтар, студенттік істер департаментінің қызметкерлері және т.б.) көмегіне сене аласыз.

 

Жаңа бастап студент болған балаға қалай көмектесе аласыз, пайдалы/көмектесетін сөздер:

  1. «Сенің қолыңнан келеді».
  2. «Барлығы жақсы болады», «Сенің қолыңнан келетініне күмәнім жоқ (сенемін)!».
  3. «Осы бағытта өзіңді сынап көр!… ».
  4. Қаржы ісін басқару және қадағалау туралы кеңестер.
  5. Міндеттерді бөлу туралы талқылау және әңгімелесу, өзінің өткен тәжірибемен бөлісу.
  6. «Бала қызығушылығына көңіл бөлу».
  7. Іn fit(физикалық белсенді) қалпында қалу туралы ақпарат беру.
  8. «Мен сені түсінемін», «Кез келген уақытта менімен бөлісе аласын».
  9. Дұрыс тамақтану мен ұйықтау режімін сақтау туралы еске салыңыз.
  10. Демалыстар/Каникулдар – демалыс үшін берілген.
  11. Дау жанжалда артқа шегіну – өзгенің көзқарасын қабылдауды және өз пікірін ауыстыруды білдірмейді.
  12. Балаңызды жетекші мамандықты қарастыру мен мінсіз таңдау жасауға ынталандырыңыз.
  13. Балаңызбен қарым-қатынаста “сен әрқашан да”, “сен үнемі” сөздерін қолданбауға тырысыңыз.
Студенттік істер жөніндегі департамент

Студенттік істер департаменті (СІД) студенттердің өміріне қатысты стратегиялық саясатты дамытуға және әзірлеуге бағытталған алдыңғы қатарлы құрылымдық бөлімше болып табылады. СІД  Студенттік Үкімет пен ұйымдардың іс-шараларына, соның ішінде күнделікті студенттік істерді басқаруға, университет әкімшілігі және НУ Мектептерімен тығыз ынтымақтастықта көмек көрсетеді. СІД қызметкерлері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған, сыныптан тыс әртүрлі зияткерлік және шығармашылық бағдарламаларды ұйымдастыру  саласында  НУ оқытушылары мен студенттерімен тығыз қарым-қатынас жасайды.

СІД ата-аналарға арналған ақпараттық буклет дайындады. Буклеттің ішінен сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап және де басқа пайдалы ақпарат таба аласыз. 

Ата-аналар пікірлері

НУ студенттерінің ата-аналары Назарбаев Университетінде оқу және кеңестермен бөлісу туралы әңгімелейді.

Кенжегүл Сағадиева, Әйгерім Сағадиева НУ студентінің анасы  (2 курс, Компьютер ғылымдар, ИЦҒМ)

Әрі қарай оқу

Алия Айсина, НУ студенті Айсин Ақанның (1-курс, Математика, ЖӘГҒМ) анасы

Әрі қарай оқу

Cофья Ким, НУ студенті Татьяна Кимнің (1-курс, Математика, ЖӘГҒМ) анасы

Әрі қарай оқу

NU кампусы

NU кампусы (сілтеме)