Тіркеу кезеңдері
Онлайн тіркеудің бірінші кезеңі: 21 қазан 2019 – 16 ақпанға 2020
Стандартты тіркеу: 17 ақпан 2020 – 30 сәуір 2020
Конкурсқа қатысу үшін онлайн келесі қадамдарды іске асыру қажет:
1 қадам. Жеке кабинет ашу | Жеке кабинет құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркелесіз |
2 қадам. Өтініш нысанасын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу | Аппликациялық нысанды толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз: 1. Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін. 2. Қосымшасы бар аттестаттың немесе оқу орнынан ағымдағы/алдын бағалары бар анықтаманың сканерленген көшірмелері 3. Дербес деректерді өңдеуге қол қойылған және сканерленген келісім (Жеке кабинеттегі үлгіге сәйкес) 4. Уәждеме хат |
3 қадам. Тіркеу жарнасын төлеу | Тіркеу жарнасын онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді. ҚР резиденттері үшін тіркеу жарнасы 5000 теңге, ал ҚР резиденттері еместер үшін 14 000 теңгені құрайды. Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды. |
Одан арғы қадамдар | Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтінішіңіздің жағдайы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз. |
Егер тіркеу кезінде қандай да бір мәселер орын алсаinfo_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады.
Сауал жіберген кезде, (ҚР азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Назарбаев Университетінің мектептері | Бакалавриат бағдарламалары |
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі
|
|
| |
| |
|