Шетелдік талапкерлерге арналған ақпарат

Назарбаев Университеті шетелдік талапкерлерді гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, бизнес және нақты ғылымдар салаларындағы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға  шақырады.

ГРАНТТАР

Шетелдік талапкерлерге Назарбаев Университеті арнайы «Абай Құнанбаев» грантын ұсынады. Ол іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен және Қабылдау Комиссиясымен оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге беріледі және  оқу төлемін өтейді.  Егер де белгілі бір мамандық бойынша оқу төлемі туралы сұрақтарыңыз болса, бізбен  мына электронды пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз international.admissions@nu.edu.kz.

ОҚУҒА ТҮСҮ ӨТІНІШТЕРІН ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ

Шетелдік талапкерлер үшін өтініштерді жіберу мерзімдері қазақстандық талапкерлермен бірдей. Барлық өтініштер admissions.nu.edu.kz  сайтында онлайн жүйеде қабылданады. Бағдарламалардың басым бөлігі оқу жылын күз мезгілінде бастайды.

ІРІКТЕУ КЕЗЕНДЕРІ*

  • Өтініштерді онлайн тапсыру (қаңтар-сәуір). Талапкерлер қажетті құжаттар тізімін admissions.nu.edu.kz сайтында жүктейді.
  • Талапкерлер құжаттарын қарастыру  (мамыр). Әрбір мектептің Қабылдау Комиссиясы талапкерлер құжаттарына баға береді және іріктелген талапкерлерді сұхбатқа шақырады.  
  • Талапкерлермен сұхбат өткізу  (маусым). Шақырылған талапкерлер Қабылдау Комиссиясы мүшелерімен скайп арқылы немесе бетпе-бет сұхбат өтеді.
  • Іріктеудің нәтижелерін жариялау (шілде). Іріктеліп алынған талапкерлерге электронды пошта арқылы хабарландыру және оқуға шақыру хаты жіберіледі.

 *Кейбір мектептерде іріктеу кезеңдерінің мерзімдері өзгеше болуы мүмкін

МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ЖІБЕРУ МЫНА СІЛТЕМЕЛЕР АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ:

ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ

Шетелдік студенттерге Қазақстанға келу және виза бойынша ақпарат Халықаралық ынтымақтастық сайтында орналасқан.

Сонымен қатар, Назарбаев Университетінде білім алып жатқан шетелдік студенттердің пікірлерін мына сілтемеден оқи аласыз.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТЕЛДЕГІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ӨКІЛДІКТЕРІ жүктеу

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕҢСЕСІНІҢ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫ – international.admissions@nu.edu.kz  электронды поштасы.