Ақылы оқуға түсу

Ақылы оқуға түсу үшін онлайн тіркелу: кейінірек жарияланады

Ақылы оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:

– ағымдағы жылдың мемлекеттік гранты шеңберінде оқуға түсу конкурсына қатысқан, NUFYP ET және IELTS (TOEFL) емтихандарының нәтижелері ең төменгі талаптарға сай келетін, алайда грантқа түсе алмаған, сонымен бірге резервтік тізімге енгізілген талапкерлер;

– admissions.nu.edu.kz порталында онлайн тіркеуден өткен және IELTS және TOEFL, SAT немесе AСT емтихандарын дербес тапсырып, төменде көрсетілген кестедегі ең төменгі талаптарға сай нәтижелері бар талапкерлер:

Тест нәтижелері бойынша ең төмен талаптар:
1) SAT Reasoning Test with Essay – 1100. Эссе міндетті болып табылады, ең төменгі балл белгіленбейді
немесе
ACT with writing part – жалпы балл (composite score) 22-ден кем емес. Жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді;

2) Academic IELTS – 6.0 (секцияларында кемінде 5.0)
немесе
TOEFL iBT – 60-78 («оқылым» секциясы бойынша 4-7; «тыңдалым» секциясы бойынша 4-6; «сөйлеу бөлімі» секциясы бойынша 14-15; «жазылым» секциясы бойынша 14-17),
немесе
TOEFL PDT* – 550-573 («оқылым», «тыңдалым» секциялары бойынша 50; «жазылым» секциясы бойынша 2; «сөйлеу бөлімі» секциясын Қабылдау комиссиясы белгілейді).

*TOEFL PDT тек қана ресми IELTS және TOEFL iBT емтихандары жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады.

Іріктеу конкурсы аяқталған соң, қабылдануға ұсынылған талапкерлерге электрондық Хабарлама-хат арқылы мерзімдер мен талаптарды көрсететін Қабылдауға шақыруҚұжаттарды тапсыру нұсқаулығы мен қосымшалар жіберіледі. 

Талапкерлер Университеттің басқа департаменттеріне де қосымша құжаттарды тапсыру тиіс. Сол себептен, талаптарды уақытылай орындау үшін, Хабарлама-хатты мұқият оқыңыз. Барлық құжаттар Университетке қағазды және түрде белгіленген мерзімде жеке басымен тапсырылады. 

Қабылдануға шақыруды қабылдаған жағдайда талапкерлер 30 000 теңге көлеміндегі Кепілдік жарнасын төлеу және Хабарлама-хаттағы белгіленген мерзімде құжаттарды тапсыру тиіс. Кепілдік жарна талапкерге оқу басталғаннан кейін қайтарылады.

Шет тілдерде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариуспен расталған аудармалары тапсырылады. Құжаттар топтамасын уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.  

Ақылы түрде оқуға конкурсқа қатысу үшін талапкер Қабылдау департаментіне тапсыратын құжаттар топтамасы: 

1) фотосуреті бар толтырылған және қол қойылған аппликациялық нысаны;
2) жеке куәлігінің немесе паспортының не болмаса тууы туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін немесе 16 жасқа толмаған талапкерлер үшін оқу орнынан фотосуреті бар анықтаманың түпнұсқасы;
3) жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы (құжаттарды ұсынған сәтте болған жағдайда) мен қосымшасы;
4) егер талапкер тестілеуден өзі өткен жағдайда, ресми электронды күші бар Academic IELTS немесе TOEFL сертификаты Тест Әкімшілігінен немесе күші бар TOEFL PDT тұскасы (тек қана ресми IELTS және TOEFL iBT емтихандары жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады);
5) оқуға қабылдауға қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы;
6) кепілдік жарнаны төлеуге қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы;
7) дербес деректерді өңдеуге қол қойылған келісімнің түпнұсқасы.

SAT немесе AСT емтихандарының нәтижелері жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес ең төменгі талаптарға сай талапкерлер мыналарды тапсырулары тиіс:
8) Ресми электронды күші бар SAT Reasoning Test Тест Әкімшілігінен және оның сканерленген көшірмесі немесе ACT сертификаттарының жазу бөлімімен түпнұсқасы (немесе оның қағаз бетінде басылған электронды нұсқасын тапсырып кейіннен Қабылдау Комиссиясы белгілеген мерзім ішінде сертификатың түпнұсқасын тапсыру).

Шетелдік талапкерлер және азаматтығы жоқ талапкерлер барлық оқу кезеңіне жарамды медициналық сақтандыру полисінің көшірмесін қосымша тапсырады.

Назарбаев Университетіне тапсырылған құжаттар қайтарылмайды.