Талапкерлерді оқуға қабылдау

Іріктеу конкурсы мен талапкерлердің құжаттары қаралғаннан кейін, Қабылдау Комиссиясы талапкерлерді Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдауға ұсынады.

Іріктеудің барлық кезеңдерін сәтті өту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдануға кепілдік бермейді.

“Назарбаев Университеті” білім гранты (мемлекеттік грант) шеңберінде қабылдауға ұсынылған талапкерлер қатарына кірмеген, алайда қабылдау талаптарына сәйкес келетін талапкерлер резервтік тізімге енгізіледі. Егер қабылдауға ұсынылған талапкерлер тізімінде бос орын пайда болса, резервтік тізімдегі талапкерлердің қабылдауға ұсынылуға мүмкіншілігі бар. 

Сондай-ақ, резервтік тізімдегі талапкерлер ақылы түрде оқуға қабылдануы мүмкін.

Қабылдануға ұсынылған талапкерлер 30 000 теңге көлеміндегі Кепілдік жарнасын төлеу және Хабарлама-хаттағы белгіленген мерзімде құжаттарды тапсыру тиіс. Кепілдік жарна талапкерге оқу басталғаннан кейін қайтарылады.

Оқуға қабылдау НУ Провостының  шешімімен рәсімделеді.