Қабылдау емтихандары және талаптары

Іріктеуге келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:

  1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары;
  2. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
  3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.

Талапкерлерді іріктеу конкурсы мына кезеңдерден тұрады.

  1. Бірінші кезең  –APTIS тестілеу;
  2. Екінші кезең – NUFYP Entrance Test тестілеу;
  3. Үшінші кезең – IELTS тестілеу;
  4. Төртінші кезең – құжаттарды қарау.

 Егер талапкер қандай да бір кезеңдегі емтиханнан ең төмен өту бағасын алмаса, ол келесі кезеңге өте алмайды.

  1. APTIS – ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тест.
  • Оқу, грамматика және сөздік қорын тексеру  
  • Сұрақтар саны – 75
  • Емтихан ұзақтығы – 55 минут
  • Тест нысаны – бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар
  • Ең төмен өту балы  – 38
  • Емтихан нәтижесі 7 күннен кейін дайын болады

Белгіленген мерзімге дейін жалпы баллы 6.0-ден жоғары IELTS (немесе осы ұпайға сәйкес TOEFL) сертификаттарын жіберген талапкерлер APTIS емтиханын тапсырудан босатылады. Егер талапкерлер Назарбаев Университетіне өздерінің IELTS/TOEFL сертификатын тапсырса, IELTS/TOEFL ресми электронды сертификаты Тест Әкімшілігінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Сонымен қатар, сертификаттың сканерленген көшірмесін талапкерлер жеке кабинетке жүктеуі қажет немесе ielts_2020@nu.edu.kz электронды поштаға жіберуі қажет (SUBMIT application батырмасын басқан талапкерлер үшін). Ең соңғы күн – 2019 жылдың 25 желтоқсаны.

IELTS үшін код: Nazarbayev University

TOEFL үшін код: 6762

  1. NUFYP Entrance Test – Назарбаев Университетінде білім алу үшін талапкердің академиялық дайындығы деңгейін анықтайтын тест.
  • Келесі пәндер бойынша білімі бағаланады:

«Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» – барлық мамандықтар үшін

  • Сұрақтар саны – 60
  • Тест ұзақтығы – 120 минут
  • Тест нысаны – бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар
  • Ең төмен өту балы  – 120, бұл ретте  әрбір пәннен ең төменгі балл – 50. Мысалы: 50 балл  + 70  балл = 120  – балл жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы
  • Емтихан нәтижесі 3 аптаның ішінде дайын болады
  1. IELTS – халықаралық стандартталған академиялық ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тест
  • Жазу, оқу, тыңдалым және сөйлеу қабілетін бағалайды
  • Тест ұзақтығы – 2 сағат 54 минут
  • Тест нысаны – жазбаша және ауызша бөлімдерден тұрады
  • Ең төмен өту баллдары барлық мамандықтарға бірдей: жалпы балл 6.0, әр секцияда 5.0
  • Нәтижелер 14 күннен кейін дайын болады.

 

Назарбаев университеті IELTS емтиханын үшінші қабылдау емтиханы ретінде ұйымдастырады.
Тест тапсырмалары, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест Әкімшілерімен өзгертілуі мүмкін.
Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде орналастырылады.
Тест алдында бір апта қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
Емтихан кестемін мына сілтемеден таба аласыз.
Емтихан нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі.
Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.
Назарбаев Университетінің Дайындық бағдарламасына қабылдау емтихандары талапкерлер үшін тегін.