Foundation бағдарламасы

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. Бұл курс аясында тыңдаушылар бакалавриат бағдарламасына академиялық, ғылыми және тілдік дайындықтан өтеді. Оқыту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебінде өткізіледі. Білім алу ҚР мемлекеттік қаражаты есебінен іске асыралатын «Назарбаев Университеті» гранты аясында және ақылы негізде болуы мүмкін. Университет алдындағы Дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің мектептері студенттерді бакалавриат бағдарламаларына одан әрі білім алуға қабылдайды.

Тіркелу кезеңдері
Қабылдау емтихандары және талаптары
Маңызды күндер
Іріктеу конкурсы
Талапкерлерді оқуға қабылдау
Ақылы негізде оқуға түсу
Пайдалы ресурстар
Статистика
Байланыс

Конкурсқа қатысуға тіркелу үшін, талапкерлер келесі іс-шаралар реттілігін сақтауы қажет:

1 – қадам.

Жеке кабинет ашу

https://admissions.nu.edu.kz/ порталында «Тіркелу» бөлімшесін басып, тіркелу терезесінде қажет ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет.

Тіркелу кезінде онлайн нысаны бойынша дербес деректерді өңдеуге  келісімін беру кажет.

Тіркелуді аяқтағаннан кейін, Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген сілтеме-авторизация арқылы тіркелуді және дербес деректерді өңдеу келісімін растаңыз.

Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.

2 – қадам.

Тіркелу жарнасын төлеу

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді. 

Тіркелу жарнасы 3 000 теңгені құрайды.

Банк картасы болмаған жағдайда, талапкердің басқа адамның картасын пайдалануына болады. Талапкер конкурсқа қатысудан бас тартса, тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды. 

3 – қадам.

Сауалнама нысанын толтыру

Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation Program сілтемесін ашыңыз. Foundation Application Form сауалнама нысанын онлайн толтырыңыз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін, берілген жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.

4 – қадам.

Қажетті құжаттарды тапсыру

Сауалнама нысанын толтырғаннан кейін, Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде мына құжаттарды жүктеу қажет:

1. Оқу орнынан берілетін фотоңыз бар анықтаманың (үлгі бойынша) немесе бар болса қосымшасы бар аттестат/дипломның сканерден өткізілген көшірмесі. Маңызды: Aptis Remote тестін тапсыру үшін паспорт немесе жеке куәлік міндетті түрде болу керек;
2. Жеке куәлік немесе төлқұжат.

Жеке кабинеттің профиліне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.

5 – қадам.

Тіркелуді аяқтау

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер жасалғаннан кейін, міндетті түрде «SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз. Сол жағдайда ғана тіркелу толығымен аяқталады. 
Тіркелу аяқталғаннан кейін сауалнама нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.

Одан арғы іс-қимылдар

Емтихандарға 1-2 апта қалғанда электрондық поштаңызды тексеріңіз, өйткені оған емтихандағы тәртіп ережелері, емтиханның өту орны мен уақыты туралы ақпарат жіберіледі. 
Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.

IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну

Талапкерлер жалпы баллы 6.0 және әр секция бойынша 5.0 IELTS (немесе осы ұпайға сәйкес TOEFL) сертификаттарын ұсына алады:

  1. APTIS Remote емтиханын тапсырудан босатылу үшін. Соңғы мерзім - 2020 жылғы 25 желтоқсан.
  2. APTIS Remote емтиханын сәтті тапсырғаннан кейін, ағылшын тілі нәтижелерін жақсарту үшін - кейінірек белгілі болады.

 IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсыну үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  • IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісімен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. 
  • Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинетке енгізу қажет. Конкурс үшін сертификаттың кез-келген санын ұсынуға болады, бірақ Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
  • IELTS үшін код: Nazarbayev University
  • TOEFL үшін код: 6762

Талапкерлердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық Нұсқаулық қолжетімді. 
Ұсынылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы - 2021 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болу керек.

Маңызды . IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына түсуі Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып,  кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынына назар аударыңыз. Егер сертификат Қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, ол конкурста қарастырылмайды. 

Тіркелу кезінде қандай да бір мәселелер туындаса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде, (ҚР азаматтары үшін) мәселені толық суреттеп, ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Бұл бейне нұсқаулық - Foundation бағдарламасы сауалнама нысанын толтырудың мысалы. Сауалнама нысанында келтірілген барлық мәліметтер ойдан шығарылған. 

 

Іріктеуге келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:

  1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары;
  2. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
  3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.

Талапкерлерді іріктеу конкурсы келесі кезеңдерден тұрады:

  1. I кезең – өтінім тапсыру;
  2. II кезең (қабылдау емтиханы) – APTIS Remote тестілеуі;
  3. III кезең (қабылдау емтиханы) – NUFYP Entrance Test тестілеуі;
  4. IV кезең – өтінім берушілердің ісін қарау;
  5. V кезең* – оқуға қабылдау (сәуір-шілде);
  6. VI кезең* – құжаттарды тапсыру (сұраныс бойынша, маусым-шілде)
    *Күту тізімінде тұрған талапкерлер оқудың басталуына дейін бос орындар пайда болған жағдайда, оқуға шақыру алуы мүмкін.
    Талапкер қандай да бір кезеңдегі емтиханнан ең төменгі өту баллын алмаса, келесі кезеңге өте алмайды.

APTIS Remote – онлайн өткізілетін және ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тест.

  1. Тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлесім дағдыларын тексереді. Сонымен қатар, ең төменгі өту баллы белгіленбеген грамматика және сөздік қор компоненті бар.
  2. Тест мазмұны – жазбаша және ауызша бөлімдерден тұрады.
  3. Емтихан ұзақтығы - 3 сағат аралығында.
  4. Жалпы ең төменгі өту баллы 200-ден 165, ал секциялар бойынша:

жазылым - 50 ден 35

оқылым - 50 ден 34

сөйлесім - 50 ден 36

тыңдалым - 50 ден 30.

 

  1. Aptis Remote тестін тапсыру үшін паспорт немесе жеке куәлік міндетті түрде болу керек.
  2. Емтихан нәтижесі бір аптадан кейін Жеке кабинетте орналастырылады.
  3. Тест форматы - онлайн платформа арқылы қашықтан тапсыру.

NUFYP Entrance Test – Назарбаев Университетінде білім алу үшін талапкердің академиялық дайындығы деңгейін анықтайтын тест.

  • «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» пәндері бойынша білімі бағаланады.
  • Сұрақтар саны – 60.
  • Тест мазмұны– бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.
  • Тест ұзақтығы – 120 минут. Ең төменгі өту баллы – 120, бұл ретте әрбір пәннен ең төменгі өту баллы – 50. Мысалы: 50 балл + 70 балл = 120 – балл жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы.
  • Емтихан нәтижесі 4 апта ішінде Жеке кабинетте орналастырылады.Қабылдау емтихандары туралы қосымша ақпарат
  • Қабылдау емтихандарының тапсырмаларын, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест әкімшілері өзгертуі мүмкін.
  • Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің Жеке кабинетінде орналастырылады.
  • Тестіге бір апта қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе онлайн платформа туралы ақпарат, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
  • Емтихан кестесі «Маңызды күндер» бөлімінде жарияланған.
  • Емтихан нәтижесі талапкердің Жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі. Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады.
  • Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.
  • Дайындық бағдарламасына қабылдау емтихандары талапкерлер үшін Назарбаев Университеті есебінен өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау: 2020 жылғы 27 қыркүйек пен 30 қараша аралығында
ЕМТИХАН КЕСТЕСІ

  • 2021-2022 академиялық жылына конкурс аясында өтетін қабылдау емтихандарының тізімі жақын арада қолжетімді болады.
  • Оқуға қабылдау: 2021 жылғы сәуір-шілде
  • Құжаттардың қағаз нұсқаларын тапсыру: сұраныс бойынша, 2021 жылғы маусым-шілде
  • APTIS Remote емтиханын тапсырудан босатылу үшін IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2020 жылғы 25 желтоқсан.
  • Ағылшын тілі нәтижелерін жақсарту үшін қосымша IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: кейінірек жарияланады.
  • Ақылы негізде оқуға тапсыру жайлы мерзімдер «Ақылы негізде оқуға түсу» бөлімінде орналастырылған.
  • Іріктеу конкурсы мен талапкерлердің құжаттары қаралғаннан кейін, Қабылдау Комиссиясы талапкерлерді Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдауға ұсынады.
  • Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдануға кепілдік бермейді.
  • «Назарбаев Университеті» білім гранты (мемлекеттік грант) аясында қабылдауға ұсынылған талапкерлер қатарына кірмеген, алайда қабылдау талаптарына сәйкес келетін талапкерлер күту тізіміне енгізіледі. Егер қабылдауға ұсынылған талапкерлер тізімінде бос орын пайда болса, күту тізімдегі талапкерлердің қабылдауға ұсынылуға мүмкіншілігі бар. Сондай-ақ, күту тізімдегі талапкерлер ақылы негізде оқуға қабылдануы мүмкін.

Оқуға қабылдау келесі реттілік бойынша жүзеге асырылады:

  • Талапкерлерді оқуға қабылдауға ұсыну. Қабылдауға ұсынылған талапкерлерге электрондық Хабарлама-хат арқылы мерзімдер мен талаптар көрсететілген Оқуға шақыру, Құжаттарды тапсыру нұсқаулығы мен қосымшалар жіберіледі;
  • Талапкерлердің оқуға келісімі . Талапкерлер 30 000 теңге көлеміндегі кепілдік жарнасын төлеп, оқуға қабылдауға келісім нысанына және кепілдік жарнасын төлеу нысанына қол қою керек. Кепілдік жарна талапкерге келісім-шартқа қол қойғаннан кейін және оқу басталғаннан кейін қайтарылады;
  • Оқуға қабылдануға құжаттарды ұсыну және келісім-шартқа қол қою . Талапкерлер Университет департаменттеріне құжаттарды Хабарлама-хатта көрсетілген мерзімде тапсыру тиіс. Сол себепті, талаптарды уақытылай орындау үшін, Хабарлама-хатты мұқият оқыңыз. Барлық құжаттар Университетке қағаз түрінде және белгіленген мерзімде тапсырылады. Талапкерлер сонымен қатар, Дайындық мектебімен келісім-шартқа қол қояды;
  • Бағдарлы аптаға қатысу . Оқудың басталуынан бір апта бұрын, барлық талапкерлер бағдарлы аптаға қатысады;
  • Оқуға қабылдау . Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін, талапкерлер Университетке қабылданыды. Оқуға қабылдау НУ Провостының шешімімен рәсімделеді.

Талапкердің Қабылдау департаментіне тапсыратын Университетке қабылдануға қажетті құжаттар пакеті: 

  • фотосуреті бар толтырылған және қол қойылған сауалнама нысаны;
  • жеке куәлігінің немесе төлқұжатының  нотариалды куәландырылған көшірмесі. 16 жасқа толмаған талапкерлер үшін туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі мен оқу орнынан фотосуреті бар анықтаманың түпнұсқасы;
  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы мен қосымшасы;
  • Жеке кабинеттен басып шығарылған, дербес деректерді өңдеуге қол қойылған келісімнің түпнұсқасы;
  • Жеке кабинеттен басып шығарылған, оқуға қабылдануға қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы. Берілген нысан НУ-ға қабылдану туралы Хабарлама-хатты алғаннан кейін, Жеке кабинетте қолжетімді болады;
  • Жеке кабинеттен басып шығарылған, кепілдік жарнаны төлеуге қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы. Берілген нысан НУ-ға қабылдану туралы Хабарлама-хатты алғаннан кейін, Жеке кабинетте қолжетімді болады.
  • Шет тілдерінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариуспен расталған аудармалары тапсырылады. Қабылдауға қажетті құжаттар пакетін уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.
  • Университет шетелдік талапкерлер және азаматтығы жоқ талапкерлерден қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.
  • Университетке тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Тек қана жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы мен қосымшасы оқуды бітіргеннен кейін немесе Университеттен шығарылғаннан кейін қайтарылады.

Ақылы негізде оқуға түсу үшін тіркелу: 2021 жылдың 1 наурызы мен 14 маусымы аралығы

Ақылы негізде оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:
– ағымдағы жылдың мемлекеттік гранты аясында оқуға түсу конкурсына қатысқан, алайда грантқа оқуға түспеген, бірақ күту тізіміне енгізілген талапкерлер;
– admissions.nu.edu.kz порталында тіркелуден өткен және IELTS немесе TOEFL, SAT немесе AСT емтихандарын өз бетінше  тапсырып, төменде көрсетілген кестедегі ең төменгі талаптарға сай нәтижелері бар талапкерлер:

Тест атауы

Балл

Түсініктеме

Тесттерді тапсыру соңғы мерзімдері 

1.1 SAT Reasoning Test with essay   

1140 

Эссе міндетті, ең төменгі өту баллы белгіленбейді.

2021 жылғы 8 мамыр 

немесе

1.2 ACT with writing part

24

Жазбаша бөлімі міндетті, ең төменгі өту баллы белгіленбейді.

2021 жылғы 12 маусым 

ЖӘНЕ

2.1 Academic IELTS

6.0 

Әр секция бойынша 5.0 

2021 жылғы 12 маусым 

немесе

2.2 TOEFL iBT  

60

жазылым - 16
оқылым - 6
сөйлеу - 15
тыңдалым - 5

2021 жылғы 12 маусым 

немесе

2.3 TOEFL PDT*  

550

оқылым - 50
тыңдалым - 50
жазылым - 2
сөйлеу -  Қабылдау комиссиясы белгілейді.

2021 жылғы 12 маусым 

*тек ресми IELTS және TOEFL iBT емтихандары жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады.

Емтихан нәтижелері Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университет атына жіберілуі қажет:

  • Nazarbayev University – IELTS үшін
  • 6762 – TOEFL үшін
  • 7915 – SAT үшін
  • 5521 – ACT үшін

Талапкерлердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық Нұсқаулық қолжетімді. 

Ұсынылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы - 2021 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болу керек. Жоғарыда көрсетілген мерзімдерден кейін тапсырылған тест сертификаттары қабылданбайды. 

IELTS/TOEFL және SAT/ACT нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 12 шілде. 

Оқуға қабылдау: 2021 жылғы шілде 
Құжаттарды қағаз түрінде тапсыру: сұраныс бойынша, 2021 жылғы шілде
Оқуға қабылдау ақпараты «Оқуға қабылдау» бөлімінде қолжетімді.

Талапкердің Қабылдау департаментіне тапсыратын ақылы негізде оқу үшін Университетке қабылдануға қажетті құжаттар пакеті: 

  • фотосуреті бар толтырылған және қол қойылған сауалнама нысаны;
  • жеке куәлігінің немесе төлқұжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі. 16 жасқа толмаған талапкерлер үшін туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі мен оқу орнынан фотосуреті бар анықтаманың түпнұсқасы;
  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы мен қосымшасы;
  • жеке кабинеттен басып шығарылған, дербес деректерді өңдеуге қол қойылған келісімнің түпнұсқасы;
  • жеке кабинеттен басып шығарылған, оқуға қабылдануға қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы. Берілген нысан НУ-ға қабылдану туралы Хабарлама-хатты алғаннан кейін, Жеке кабинетте қолжетімді болады;
  • жеке кабинеттен басып шығарылған, кепілдік жарнаны төлеуге қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы. Берілген нысан НУ-ға қабылдану туралы Хабарлама-хатты алғаннан кейін, Жеке кабинетте қолжетімді болады.
  • Шет тілдерінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариуспен расталған аудармалары тапсырылады. Қабылдауға қажетті құжаттар пакетін уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.
  • Университет шетелдік талапкерлер және азаматтығы жоқ талапкерлерден қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.
  • Университетке тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Тек қана жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы мен қосымшасы оқуды бітіргеннен кейін немесе Университеттен шығарылғаннан кейін қайтарылады.

 

Негізгі тармақтар

Толық ақпарат

Aptis Remote  

APTIS Remote емтиханының құрылымымен толығымен танысу үшін осыны басыңыз. 

Aptis Remote тестін тапсыру бойынша Нұсқаулықпен танысу үшін сілтемені басыңыз.

NUFYP Entrance Test 

Пайдалы бейнероликтер

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Назарбаев Университетінің алғашқы Виртуалды ашық күндер күні өтті. Open.nu.edu.kz сайтында НУ профессорлары мен қызметкерлерінен пайдалы видеолар таба аласыз. Видеолар 2021 жылғы наурызға дейін қолжетімді. 

Қағидалар

Назарбаев Университеті Университет алдындағы дайындық бағдарламасына оқуға қабылдау қағидаларына сілтеме

Foundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы 

Foundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы туралы ақпаратты алу үшін мына сілтемені басыңыз. 

НУ-дағы қызметтер

Үздіксіз білім беру Департаменті Назарбаев Университетінде тілдік және дайындық курстарды  ұсынады. Ақпаратпен танысу үшін мына   сілтемені басыңыз. 

Шарттар

Назарбаев Университетінде Білім беру қызметтерін көрсету талаптарымен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтармен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. 

 

Қабылдау департаменті:

Тел.: + 7 (7172) 64 25 84
E-mail: info_admissions@nu.edu.kz
Қабанбай батыр даңғылы, 53, офис 1111, 1112, 1115,
Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Қазақстан Республикасы