Назарбаев Университетіндегі оқуды қаржыландыру түрлері

Талапкерлерге/үміткерлерге гранттарды тағайындау белгіленген қабылдау шарттарына сәйкес және Қабылдау комиссияларының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Назарбаев Университетіне қабылдау меритократия негізінде іске асырылады. Гранттардың барлық түрлерін талапкерлерге/үміткерлерге тағайындау бағдарламаға конкурс нәтижесінде өтеді.

 

Мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландыру

Назарбаев Университетінің білім беру гранты (Мемлекеттік грант) талапкерлердің/үміткерлердің көпшілігіне қолжетімді. Назарбаев Университеті студенттерінің 98% – ының білім алуы бағдарламалардың басым бөлігі бойынша оқу құнын толық өтейтін мемлекет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Мемлекеттік грант Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оқу ақысын, ай сайынғы шәкіртақыны және жол жүру үшін ақшалай қаражаттың кепілді өтемақысын қамтиды.

Назарбаев Университетінің білім беру гранты мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде және/немесе «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында тиісті оқу деңгейі бойынша бірдей дәрежеге ие болған тұлғаларға берілмейді. Сондай-ақ, бұл грант бұрын Назарбаев Университетінде оқыған және тәртіптік себептермен оқудан шығарылған талапкерлерге берілмейді. Гранттар саны жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметі жарғысымен бекітіледі.

 

Назарбаев Университеті қаржыландыратын басқа гранттар

 

“Ыбырай Алтынсарин” гранты

“Ыбырай Алтынсарин” гранты 19 ғасырдың соңындағы қазақ ағартушысы – Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) құрметіне аталған. Ы.Алтынсарин көптеген қазақ-орыс мектеп-интернаттарын, техникумдар мен қыз балаларға арналған мектептер ашты. Ол сондай-ақ бірінші қазақ грамматикасы, әрі бірінші қазақ-орыс газетінің авторы болып табылады.

Грант барлық қабылдау талаптарына сай келетін, оқуға ұсынылған, бірақ рейтингтегі төмен орынға және мемлекеттік гранттардың шектеулі санына байланысты мемлекеттік грантты ала алмаған әлеуметтік осал талапкерлерге/үміткерлерге беріледі. “Ыбырай Алтынсарин” грантына өтінім беру үшін талапкерлер/үміткерлер келесі критерийлердің біріне немесе бірнешесіне сәйкес келуі керек:

  • жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • I, II және III топтардың мүгедектері болып табылатын тұлғалар;
  • көп балалы отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • ата-аналарының біреуі немесе екеуі де I, II және III топтардың мүгедектері болып табылатын тұлғалар.

Грант Назарбаев Университет есебінен қаржыландырылады және оқу ақысын ғана өтейді. Бұл грант шеңберінде шәкіртақы және төмендетілген жол ақысына өтемақы қарастырылмаған. Гранттар тиісті бағдарлама бойынша толық оқу мерзіміне беріледі. Гранттар саны жыл сайын Назарбаев Университетімен бекітіледі. Вакантты мемлекеттік гранттар, бар болған жағдайда,  “Ыбырай Алтынсарин” гранты иегерлері арасында қайта тағайындалады.

 

“Абай Құнанбаев” гранты

“Абай Құнанбаев” гранты Абай Құнанбаевтың (1845-1904) — қазақтың ақыны, ағартушы, композитор, философ, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушысының құрметіне аталған. «Абай Құнанбаев» гранты тиісті бағдарламаның Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдауға ұсыныс берген шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға тағайындалады.

Грант Назарбаев Университетімен қаржыландырылады және оқу ақысын, айлық шәкіртақыны және басты медициналық сақтандыруды қамтиды.  Гранттар тиісті бағдарлама/мамандық бойынша толық оқу мерзіміне беріледі. Гранттар саны жыл сайын Назарбаев Университетімен бекітіледі. Грант иегері Қазақстан Республикасы азаматтығын алған жағдайда, вакантты мемлекеттік гранттар, бар болған жағдайда,  “Абай Құнанбаев” гранты иегерлері арасында қайта тағайындалады.

 

Ақылы оқу және жартылай гранттар

Ақылы оқуға түсу барлық қабылдау талаптарына сәйкес келетін, бірақ төмен рейтингке/орынға байланысты жоғарыда аталған гранттардың ешқайсысын ала алмаған талапкерлерге/үміткерлерге қол жетімді. Ақылы оқуға квоталар санын жыл сайын Назарбаев УниверситетіМектептердің сыйымдылығын ескере отырып бекітеді.

Оқу құны Университеттің Мектептер сайтындағы бағдарламаның/мамандықтың тиісті бөлімінде көрсетілген.  Ақылы негізде оқуға түскендерге NUFYP-тің, бакалавриат және магистратура бағдарламаларының (Жоғары бизнес мектебінің бағдарламаларынан басқа) белгілі бір санатына жататын оқу құнының 50% – ынан 100% – ына дейін өтейтін грант (жартылай грант) берілуі мүмкін:

Университет алдындағы Дайындық бағдарламасы (NUFYP), бакалавриат және магистратура бағдарламаларында (Жоғары бизнес мектебінің бағдарламаларын қоспағанда) ақылы негізде оқитын студенттердің жекелеген санаттарына 50% -дан бастап 100%-ына дейін өтейтін грант (жартылай грант) ұсынылуы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін

Тұлғалар санаттары

Оқу бағдарламасы

1. 

Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Университет алдындағы дайындық, бакалавриат

2. 

I, II және III топтағы мүгедек болып саналатын балалар

Университет алдындағы дайындық, бакалавриат магистратура

3.

Көп балалы отбасынан шыққан немесе 23 жаска дейінгі 4 немесе одан көп балалары бар, бірге тұратын отбасынан шыққан балалар

Университет алдындағы дайындық, бакалавриат, магистратура

4.  

Ата-анасының біреуі немесе екеуі де I, II және III топтағы мүгедек болып саналатын балалар

Университет алдындағы дайындық, бакалавриат, магистратура

5. 

Университет алдындағы дайындық және бакалавриат бағдарламаларының студенттері

Университет алдындағы дайындық, бакалавриат

6. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері

Магистратура

7. 

NUZYP және магистратура бағдарламаларының студенттері

Магистратура

 

Шетел азаматтары үшін

 №

Тұлғалар санаттары

1

Дүниежүзілік банктің жіктемесіне сәйкес табысы төмен және ортадан төмен елдердің азаматтары*

2

Дүниежүзілік банктің жіктемесіне сәйкес табысы ортадан жоғары елдердің азаматтары*

3

Дүниежүзілік банктің жіктемесіне сәйкес табысы жоғары елдердің азаматтары*

*Дүниежүзілік банктің жіктемесіне сәйкес елдер тізімі: https://datahelpdesk.worldbank.org/knowledgebase/articles/906519-world-bank-country-and-lending-groups

 

Оқуға жартылай грантты алу шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін Bursars Office-не хабарласыңыз:

Телефон: +7 (7172) 70 66 20, 70 60 32,  70 91 99, 70 60 86, 70 90 27,

еmail: bursars_office@nu.edu.kz

5034 кабинеті, C2 блогы

Қабанбай батыр даңғылы, 53