Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) міндеті адам өмірінің сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды негізгі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсінуге оқып-үйрету болып табылады. ЖМСМ студенттерінің арасында –мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары, сондай-ақ жеке бизнес-құрылымдардың басшылары бар. ЖМСМ 3 білім беру бағдарламасын ұсынады: Мемлекеттік саясат магистрі, Мемлекеттік басқару саласының магистрі, Мемлекеттік саясат ғылымдарының докторы, сондай-ақ саясат және көшбасшылық саласында негізгі міндеттерді шешуге бағытталған қысқа мерзімді кәсіби білім беру бағдарламалары.
Онлайн тіркелу мерзімі:
Ерте тіркелу: | 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда). | Онлайн тіркелу тегін. |
Стандартты тіркелу: | 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). | Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек. |
Үміткерлерге арналған негізгі талаптар:
| |
- Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады;
|
- CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.67;
|
- 2 жылдық жұмыс өтілі. 2 жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандар Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
| - 3 жылдық жұмыс өтілі. 3 жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандар Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
|
- Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі
|
- Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
– IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы; – Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы; |
- Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда. |
- Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша);
|
- Жазбаша эсселерде көрсетілген жоғары академиялық жазу дағдылары.
|
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
- Толтырылған онлайн сауалнама (cауалнаманы www.admissions.nu.edu.kz сайтынан табуға болады);
- Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
- Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
- Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет;
- Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
- Сауалнамада берілген эссе сұрақтарына жауап ретінде жазылған екі эссе;
- Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);
- Түйіндеме;
- Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;
Маңызды ақпарат:
- Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс. IELTS/TOEFL сертификатын онлайн тіркелудің соңғы мерзімінен кейін жоғарыда көрсетілген электрондық мекен-жай арқылы жіберуге болады.
- Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
- Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.
- Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.
- Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.
- Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.
Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:
Байланыс ақпарат:
Email: Info_admissions@nu.edu.kz
Телефон: +7 /7172/ 642 584