Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) Іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына оқуға түсу үшін төменде көрсетілген құжаттардың толық тізімін тапсыру қажет. Құжаттарды тапсыру үшін үміткерлер 30 000 теңге көлемінде (ALEKS тестінің құнымен қосқанда) төлем жасаулары тиіс. Құжаттарды қарастыру бойынша төлем ақысы қайтарымсыз.
Жоғарғы Бизнес Мектебіне арналған онлайн тіркелу мерзімі:
Ерте тіркелу: 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 1-ші сәуірге дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу тегін.
Стандартты тіркелу: 2020 жылдың 2-ші сәуірден 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек.
Кеш тіркелу: 2020 жылдың 13-ші мамырдан 2020 жылдың 1-ші маусымға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек
Жоғары бизнес мектебінің Іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына оқуға түсетін үміткерлердің:
- Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады
- Үміткердің (бакалавр, магистр немесе PhD) бір білім дәрежесі бойынша ең төменгі GPA балы 4.00-ден 2.75-тен төмен емес.
- Жұмыс өтілі (болғаны жақсы).
- Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
- IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
- Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
- Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE/ GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша);
- Жеке эсседе көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық болуы қажет.
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
- Толтырылған онлайн сауалнама (cауалнаманы www.admissions.nu.edu.kz сайттан табуға болады);
- Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
- Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
- НУЖБМ негізінде өткізілетін ALEKS тестінің нәтижесі (немесе GMAT, GRE сертификаттары);
- Үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (ағылшын тіліне аудармасымен).
- Ағылшын тілінде екі эссе. Эссе сұрақтары онлайн сауалнамада беріледі;
- Ағылшын тіліндегі түйіндеме – бір бетте;
- Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.
- Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;
- Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);
Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:
- GRE – 6496
- TOEFL – 6762
- GMAT – H6m-R7-93
Маңызды ақпарат:
- Кандидат өзінің зияткерлік деңгейін көрсетуі керек (бұрынғы академиялық жетістіктері бағаланады, эссе) және басшылық мүмкіндіктері (мектептен кейінгі, азаматтық және қоғамдық жұмыстағы жетістіктері, қызмет ету тарихы және ұсыныстар қарастырылады).
- Назар аударыңдар, минималды талаптар автоматты қабылдауды білдірмейді.
- Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс.
- Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
- Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.
- Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.
- Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.
- Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.
Байланыс ақпарат:
Толығырақ ақпарат