Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі

Жоғары бизнес мектебінің Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына бағдарламасына оқуға түсетін үміткерлердің:

1. Жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс. Үміткерлер ұлттық компанияларда, жеке секторда, мемлекеттік мекемелерде, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда басшы лауазымында болулары тиіс.

Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша 5 жылдан кем жұмыс тәжірибесі бар үздік үміткерлер конкурсқа жіберілуі мүмкін;

2. Бакалавр және/немесе магистр (немесе оған балама) дәрежесі бар білімі туралы дипломының болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) толтырылған сауалнама (www.admissions.nu.edu.kz); 

2) ағылшын тіліндегі (немесе ағылшын тіліне аударылған) екі ұсыным хат. Бір ұсыным хатқа қазіргі кездегі немесе бұрынғы жұмыс берушінің қолы қойылуы тиіс. Екінші рецензент үміткердің қалауы бойынша таңдалуы мүмкін;

3) ағылшын тіліндегі екі эссе. Эссеге арналған сұрақтар тізбесі онлайн сауалнамада беріледі;

4) оқу құнын толығымен төлеу және үміткерге Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына бағдарламасы бойынша сабақтарға қатысуда қолдау көрсету міндеттемелерімен жұмыс берушіден ағылшын тіліндегі (немесе ағылшын тіліне аударылған) корпоративтік қолдау хаты;

5) ағылшын тіліндегі түйіндеме – бір бетте;

6) нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасы бар бакалавр және/немесе магистр (немесе оған балама) дәрежесі бар білімі туралы диплом (дар) мен дипломға қосымшаның (немесе оған балама) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (лері).

Шетелдік жоғары оқу орындарының академиялық дәрежесі туралы дипломы бар үміткерлер транскриптерді Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебіне тікелей жіберу туралы өтінімді тиісті оқу орнына жіберулері тиіс;

7) ағылшын тілін білу деңгейін растайтын бағдарлама басталғанға дейін жарамды ресми сертификат:

– IELTS: 6.5

– TOEFL PBT: 575

– TOEFL IBT: 90

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін білім беру ұйымдарында академиялық дәрежесін алған үміткерлер ағылшын тілін білу талаптарынан босатылуы мүмкін.

IELTS немесе TOEFL бойынша төмен балл жинаған кейбір үміткерлер ЕМВА бағдарламасына құнды үлес қосуы мүмкін. Осыған орай белгіленген деңгейден төмен балл жинаған үміткерлердің ағылшын тілі деңгейін Қабылдау комиссиясы өз бетінше бағалауы және тануы мүмкін. Осындай үміткерлерге қолдау көрсету үшін сабақтардың ілеспе аудармасы мен оқу материалдарының орыс тіліне аудармасы ұсынылуы мүмкін;

8) GMAT немесе GRE қолданыстағы ресми сертификаты. GMAT немесе GRE сертификаттарын ұсыну міндетті болып табылмаса да, сандық әдістер бойынша жұмыс істеу тәжірибесі шектелген үміткерлер аталған тестермен жақсы нәтижелер көрсету арқылы бағдарламаға түсу мүмкіндіктерін арттыра алады;

9) нотариалдық куәландырылған үміткердің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

10) үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен).

Толығырақ ақпарат:

  1. Құжаттардың толық топтамасын тапсыру Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына бағдарламасына оқуға түсуге кепілдік бермейді.
  2. Үміткерлермен сұхбаттасу өткізіледі, бұл ретте Қабылдау комиссиясы олардың сандық және статистикалық білім деңгейлерін бағалау мақсатында қосымша сұхбаттасуды өткізуге құқылы. Үміткерлерді Қабылдау комиссиясы сұхбаттасуға шақыруы мүмкін.
  3. Әрбір үміткер Университеттің сайтында www.admissions.nu.edu.kz орналасқан онлайн сауалнаманы толтыруға, сондай-ақ мына пошталық мекенжайға қағаз тасымалдағышта құжаттар топтамасын тапсыруға тиіс: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғ., 53, Жоғары бизнес мектебінің Қабылдау комиссиясы.
  4. Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына бағдарламаcына түсу мақсатымен құжаттарды тапсыру үшін төлем – 30 000 KZT

 

Қосымша ақпарат үшін бізбен хабарласыңыз:

emba.admissions@nu.edu.kz

Арайлым Магауина

Қабылдау бойынша аға менеджер

e-mail: arailym.magauina@nu.edu.kz 

тел. +7 (7172) 70 91 74

Гульмира Койсоймасова

Қабылдау бойынша

e-mail: gulmira.koisoimassova@nu.edu.kz 

тел. +7 (7172) 70 90 28

Данагуль Толеубаева

Қабылдау бойынша маман

e-mail: danagul.toleubayeva@nu.edu.kz 

тел. +7 (7172) 70 90 28