Қаржы ғылымдары магистрі бағдарламасына құжаттарды тапсыру

Онлайн тіркелу уақыты өтіп кетті.

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) Қаржы ғылымдары магистрі бағдарламасына оқуға түсу үшін төменде көрсетілген құжаттардың толық тізімін тапсыру қажет. Құжаттарды қарастыру бойынша төлем ақысы қайтарымсыз. 

Үміткерлерге арналған негізгі талаптар:

  1. Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады
  2. Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі
  3. үміткердің (бакалавр, магистр немесе PhD) бір білім дәрежесі бойынша ең төменгі GPA балы 4.00-ден 2.67-ден төмен емес.
  4. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:  
    • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
    • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
      • ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
      • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
  5. Талдау және математикалық қабілеттерін көрсететін жарамды GRE/ GMAT сертификатымен қамтамасыз ету.
  6. Жеке эсседе көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық болуы қажет.

Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі: 

  1. Толтырылған сауалнама (сауалнаманы www.admissions.nu.edu.kz табуға болады);
  2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  4. Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  5. Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  6. Ағылшын тілінде бір эссе. Эссе сұрақтары онлайн сауалнамада беріледі;
  7. Корпоративтік қолдау хаты, оқу ақысын толығымен өз бетімен төлейтін үміткерлер үшін міндеттеме хаты  немесе грант тағайындауға арналған толтырылған нысан;
  8. Ағылшын тіліндегі түйіндеме – бір бетте;
  9. Шетелдік жоғары оқу орындарының академиялық дәрежесі туралы дипломы бар үміткерлер транскриптерді Назарбаев Университетінің Қабылдау департаментіне тікелей жіберу туралы өтінімді тиісті оқу орнына жіберулері тиіс;
  10. Ресми GMAT немесе GRE сертификаттары; 
  11. Үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (ағылшын тіліне аудармасымен).
  12. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін).Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.
  13. Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс).

Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі. Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:

  • GRE – 6496
  • TOEFL – 6762
  • GMAT – H6m-R7-93

Қосымша ақпарат:

  • Үміткер НУ Жоғары бизнес мектебінің шеңберінде тек бір бағдарламаға конкурстік іріктеуге қатыса алады. Сол себепті әрбір бағдарлама бойынша толық ақпаратпен танысып, өздеріңізге лайықты бағдарламаны таңдауларыңызды өтінеміз. Егер сұхбаттасу нәтижелері мен үміткердің тапсырған құжаттарын бағалау барысында Қабылдау комиссиясы үміткердің (өмірлік тәжірибесі, жеке қасиеттері, академиялық жетістіктері) кандидатурасы мен қызмет бабындағы мақсаттары НУ Жоғары бизнес мектебінің басқа бағдарламасына көбірек сай келсе, осы мектептің шеңберіндегі басқа бағдарламаға  оқуға қабылдауға ұсыну құқығына ие. 
  • Құжаттардың толық топтамасын тапсыру Қаржы ғылымдары магистрі бағдарламасына оқуға түсуге кепілдік бермейді.
  • Үміткерлерді Қабылдау комиссиясы сұхбаттасуға шақыруы мүмкін. Бұл ретте Қабылдау комиссиясы олардың сандық және статистикалық білім деңгейлерін бағалау мақсатында қосымша сұхбаттасуды өткізуге құқылы.
  • Кандидат өзінің зияткерлік деңгейін көрсетуі керек (бұрынғы академиялық жетістіктері бағаланады, эссе) және басшылық мүмкіндіктері (мектептен кейінгі, азаматтық және қоғамдық жұмыстағы жетістіктері, қызмет ету тарихы және ұсыныстар қарастырылады).
  • Назар аударыңдар, минималды талаптар автоматты қабылдауды білдірмейді.
  • Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс.
  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
  • Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.
  • Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.
  • Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.

Толығырақ ақпарат

Арайлым МагауинаҚабылдау бойынша аға менеджерe-mail: arailym.magauina@nu.edu.kz тел. +7 (7172) 70 91 74
Гульмира КойсоймасоваҚабылдау бойынша менеджерe-mail: gulmira.koisoimassova@nu.edu.kz тел. +7 (7172) 70 90 28
Данагуль ТолеубаеваҚабылдау бойынша маманe-mail: danagul.toleubayeva@nu.edu.kz тел. +7 (7172) 70 90 28