Жоғары білім беру мектебі

Жоғары бiлiм беру мектебi алғашқы студенттерін 2013 жылдың қыркүйек айында қабылдауды бастады. Жоғары білім беру мектебінің басты мақсаты – білім беру саласындағы басқарушыларды даярлау және жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуына белсенді атсалысу. Қазіргі таңда Мектеп магистрлік, докторлық, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынуда.

Жоғары бiлiм беру мектебiне оқуға қабылдау

Назарбаев Университеті Жоғары бiлiм беру мектебiнің бағдарламаларына студенттерді оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Магистрлік бағдарламаға оқуға түсу үшін үміткердің бакалавр дәрежесі, жақсы академиялық үлгерімі, оқуға түсуге деген жоғары уәждемелігі және ағылшын тілін білу деңгейінің жоғары болуы қажет.