Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Назарбаев Университетінің Тау-кен жəне Жер туралы ғылымдар мектебі жоғары білікті мамандар мен студенттерді заманауи біліммен жəне Жер туралы ғылымға байланысты пəндерді оқыту арқылы табиғи ресурстар саласында дарынды және əлемдік деңгейдегі оқу орны болуға мақсат тұтты. Мектеп 2 магистратура бағдарламаларын ұсынады. Бағдарламалар өндіру жұмыстарын жоспарлайтын, жүргізетін және басқаратын инженер мамандарды даярлауға, сондай-ақ қауіпсіз және тұрақты өндірісті қамтамасыз ету мақсатында мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне қолдау көрсету үшін зерттеу дағдыларына және білімді дамытуға бағытталған.