Медицина мектебі

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі бұл Қазақстан Республикасы үшін денсаулық сақтау, білім беру және биомедициналық зерттеулер саласындағы медицина көшбасшыларын даярлайтын, сабақтар ағылшын тілінде жүргізілетін, американдық оқыту жүйесінің негізінде құрылған ең алғашқы оқу орны болып табылады. Мектеп медициналық білім беру саласында әлемдік деңгейге жетуді және білім беру мен биомедициналық зерттеулер саласында жаңашылдыққа, ғылым мен білімге қолдау көрсетілетін тұрақты және ынталы академиялық ортаны құру арқылы жоғары деңгейге жетуді мақсат тұтады. Медицина мектебі магистратура бағдарламаларын, Медицина докторы және резидентура бағдарламаларын ұсынады.

Онлайн тіркеу мерзімі: 

Ерте тіркелу: 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу тегін.

Стандартты тіркелу: 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек. 

Магистратура бағдарламалары:

«Медицина докторы» бағдарламасы

Резидентура бағдарламалары